Шымкент қаласы әкімінің нысандарды аралауы жалғасуда

Шымкент  қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданына қарасты Ұлағат шағын ауданындағы кәріз желілерінің жай-күйін тексерді. Нысанға 2021 жылы құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 2022 жылы қабылдау актісіне қол қойылған. Тексеру барысында  мердігер ұйымның немқұрайлығына байланысты құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде көптеген кемшіліктер орын алғаны  анықталды.  Мәселен, Баянды, Ақбұлақ, Ақсарай және Көкөзен көшелерінде жалпы ұзындығы 700 метрге жуық кәріз құбыры жүргізілмеген.  Кейбір көшеде құбыр биік жерге орнатылғаны және кәріз-сорғы станциясы мүлде іске қосылмағаны анықталды. Кәріз құдықтары қоқыспен толтырылған. Жұмыс аяқталғаннан кейін де компания бірнеше көшеде қазылған жолды қалпына келтірмеген.

Ордабасы ауданы бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акцияда абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалық жұмыстары қарқынды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы Ордабасы ауданында қарқынды жүргізіліп жатыр. Аталған акцияға аудан тұрғындары, жастары мен еріктілері белсенді атсалысуда. Аудан көлемінде экологиялық акция аясында ағымдағы жылдың бүгінгі таңға дейін 30 жуық ауқымды сенбілік өткізілді.

Шымкентте апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарығынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылуда

Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, апта сайын қаланың 8 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері ұйымдастырылып, күнделікті тұтынатын тауарлар нарықтан 10-15% төмен бағада сатылуда. Жәрмеңкеге жауапты мемлекеттік мекемелер бекітілген.

Шымкент қаласының әкімі шаһардағы бірнеше нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков  халықпен мүмкіндігінше жиі кездесіп, қалада атқарылып жатқан жұмыстарды бақылап, аралап көруді әдетке айналдырған. Әкім кезекті  рет қаладағы нысандарды аралады.

Шымкентте шомылуға тыйым салынған 13 орын бар

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері, аға лейтенант Серік Әуесхан Досболұлы - шомылу кезеңінде су айдындарында қауіпсіз демалуды ұйымдастыру шаралары туралы түсіндірді.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің негізгі қызметтік міндеттерінің бірі қала аумағындағы су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. 

Бүгінгі күні, Республика бойынша су айдындарында 43 адам суға батты, оның ішінде 17-і бала. Салыстырмалы түрде көршілес  Түркістан облысында жыл басынан бері 5 жазатайым оқиға орын алған.

Шымкент қаласы бойынша су айдындарында 1 жазатайым оқиға тіркелген.

Қаламыздың климаттық жағдайына байланысты, судағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық жұмыстар сәуір айынан бастап қарқынды түрде жүргізілуде.

Сондай-ақ, қала әкімдігінің («2024 жылғы шомылу маусымы кезеңінде Шымкент қаласының су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар туралы») қаулысына сәйкес қала әкімі Ғ.Сыздықбековпен іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті мекемелерге орындау үшін жолданған.

Аталған жоспар, мүдделі мемлекеттік органдардың жазғы шомылу маусымы кезінде судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті іс-шаралар кешенін қамтиды.

Айта кетейік, қалада шомылуға тыйым салынған 13 орын айқындалып, 72 ескерту белгілері орнатылған. Сәуір айынан бастап судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша 195 рет рейд жүргізіліп,  20952 адам қамтылған. Бұл бағыттағы жұмыстар демалыс және мейрам күндері күшейтілген режимде жүргізілуде.

Бұқаралық ақпараттық құралдарында және әлеуметтік желілерде, адамдар көп шоғырланатын орындарда LED экрандар арқылы «Судағы қауіпсіздік шаралары» бойынша бейнероликтердің көрсетілімі ұйымдастырылуда және тұрғындардың мобильді телефондарына 112 қызметі арқылы күнделікті ескерту хабарламалары жолданып отыр.  Осы орайда, Әуесхан Досболұлы барлық қала тұрғындары мен қонақтарын ескерту хабарламаларға назар салуын сұрады.

 

Шымкентте сұйытылған газ тапшылығын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары С.Құранбектің төрағалығымен газ өндірушілер, сатушылар, қадағалау органдарының өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен кеңес өтті. Кеңес барысында қалада сұйытылған газ тапшылығын болдырмау шаралары талқыланды, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы.

Мәселен, қалада арнайы мониторингтік топ құрылды, оның құрамына кірістер депаратаментінің, экономикиалық тергеп тексеру департаментінің, монополияға қарсы ведомство өкілдері мен энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қызметкерлері кіреді. Топтың міндеті сұйытылған отын көлемін жасанды тапшылыққа жол бермеу жөніндегі рейдтер өткізу және халыққа қолжетімді бағада беруді ұйымдастыру.

Кеңес отырысында сұйытылған газды халыққа жіберетін қаланың барлық газ құю бекеттеріне қамтамасыз ету үшін «Ақтөбе CNPC»  компаниясынан қосымша 2051 тонна газ сатып алынды, - деп атап өтті Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Р.Меңдіқұлов.  Бұдан басқа, бүгін қалаға сұйытылған газы бар 7 вагон келеді. Ертең тағы 12 вагон келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі жыл сайын еліміз сұйытылған газ тапшылығына тап болатынын және бұл тұтынудың артуына байланысты екенін хабарлаған болатын. 

Сарапшылардың болжамы бойынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаны құрайды. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40% құрауы мүмкін, - деп атап өтті Энергетика министрлігінде.

Аталған тәуекелдерді болдырмау үшін 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарлануда. Сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңгені құрайды (бұрын – 40 320 теңге).

 

Шымкент: Нұрсаттықтар акцияға белсене қатысуда

Қаратау ауданы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталды.  «Нұрсәт» шағынауданындағы №37-49 көпқабатты тұрғын үйлердегі 400-ге жуық тұрғындардың қатысуымен кезекті тазалық жұмыстары өтті.