Super User

Super User

Сауран ауданының әкімі жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен кездесу өткізді

Бүгін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсіпкерлермен маңызды кездесу өткізді. Жиында аудан прокуроры Алмаз Асылбеков, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция полковнигі Алмат Абидинов қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жер қойнауын пайдалану саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын бірлесе қарастыру болды.

Шымкенттік дәрігерлер түркіменстандық азаматтың өмірін аман алып қалды

Түрікменстан азаматы ауыр халде Шымкент қалалық №1 клиникалық ауруханаға жедел жәрдем көлігімен жеткізілді. Жарақаты мен денсаулық жағдайына қарай дәрігерлер 27 жастағы науқасқа бірнеше операция жасады.

Шымкент: Қаратау ауданында 350 көше жарықтандырылмақ

Шымкент қаласына қарасты Қаратау ауданы аумағында 2025 жылы жарықтандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бұл жобаның аясында 15 елді мекендегі 350 көше жарықпен қамтамасыз етіледі. Жарықтандыру жұмыстарының басты мақсаты — тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру, ауданның эстетикалық келбетін жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын көтеру.

ЕЛІМІЗДІҢ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА 4 ІРІ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы Қазақстанды Еуразия құрлығында транзиттік хабқа айналдыру жөнінде тапсырма берген. Соған байланысты теміржол саласында 1300 шақырымды құрайтын 4 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр.

Осы RSS каналға жазылу