Түркістан: Шардарада мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

Мемлекеттік қызметшілер мен полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекелеріне орай Шардара аудандық Мәдениет сарайында салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиында аудан әкімі Болатбек Қыстауов құттықтау сөз сөйлеп, қос мерекенің мән-маңызына тоқталды. 

Түркістан: Бәйдібек ауданында тұрғындардың цифрлық-компьютерлік сауатын арттыру бойынша оқулар өткізілді

Тұрғындардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 28 мамырынан бастап, Бәйдібек ауданындағы дайындалған 17 оқу базасында, яғни, мектептерде оқытулар өткізілді.

Түркістанда «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті

Кеңестің күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – ҚР Президентігінекандидат Қ.Тоқаевтың облыстық қоғамдық штабтарының атқарған жұмысы мен сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты ұсыныстары туралы.

Түркістан облысы: Отырар ауданында мемлекеттік қызметшілер және полиция күні аталып өтті

Отырар ауданында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер және полиция күні мерекелері салтанатты жағдайда аталып өтті. Қос мерекеде аудан әкімі Ерлан Айтаханов жүрекжарды лебіздерін білдіріп, осынау қиын да жауапты салада еселі еңбек етіп жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, ауданның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан жандарға құрмет көрсетті.

Түркістан облысына бір жыл толуына орай мерекелік концерт өтті

Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай мерекелік гала-концерт өтті. Бұл мереке алғаш рет тойланып отыр. 2018 жылы 19 маусымда Елбасы, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Түркістан облысы құрылған болатын. Сол қысқа уақытта  тарихи оқиғалар мен өзгерістерді бастан өткерген түркістандықтар мен қала қонақтары «Есімхан» алаңында Түркістан облысынан шыққан өнер жұлдыздарының «Ән шашуым өзіңе, Түркістаным!» атты мерекелік кешін тамашалады.

Түркістан облысында «Қазақстан полициясы күні» аталып өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің ұйымдастыруымен «Қазақстан полициясы күніне» 27 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Салтанатты жиында қауіпті қызмет бабында қаза тапқан батыр полицейлерді еске алып, даңқ мемориалына гүл шоқтарын қою, полиция қызметкерлерінің ант қабылдауы, сонымен қатар ардагерлерімізді марапаттау рәсімдері болды.

Түркістан облысы: Келес ауданында шегірткемен күрескендер марапатқа ие болды

Түркістан облысы, Келес ауданында Марокко шегірткесіне қарсы дәрілеу жұмыстарында белсенділік танытқан азаматтар марапатталды. Шегіртке зиянкестерінің ошақтарын анықтау, оларды жоюды сапалы әрі уақтылы аяқталу үшін Келес ауданы әкімдігі тарапынан арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.