Түркістан облысы: Төлеби ауданында Тұңғыш Президент күніне орай «Тұлға. Елбасы. Тарих» атты мерекелік іс-шара өтті
Мемлекеттік әнұраннан басталған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өнегелі өмір жолы туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Салтанатты жиында аудан басшысы төлебиліктерді Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.