Жетісай ауданы әкімі аппаратының құрамы жасақталды
Жетісай ауданы әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын таныстырды.
Жетісай ауданы әкімдігінде өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев жаңадан қалыптастырылған аппарат құрамын таныстырды.
Сірә, бақытты болудың басы бардың қадіріне жету болса керек. Қазақтың ең бірінші бары – оның руханияты! Ал, Түркістан бүкіл ислам руханиятының, бүкіл қазақ руханиятының орталығы болып табылады. Арманы түзде туылып, Түркістанға қойылу болған бабаларымыз бізге осы түсініктері арқылы бардың қадіріне жетуді ишаралап кеткендей көрінеді. Мен бүгінгі тәуелсіздікті Құдайдың бабаларымызға сол бардың қадіріне жеткені үшін берген теңдессіз сыйлығы деп қабылдаймын!
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына барды. Өңір басшысы алдымен Иіржар ауылдық округі Наурыз ауылындағы жаңадан салынған Н.Бекежанов атындағы 200 орындық мектептің ашылуына қатысып, жергілікті жұртты жаңа оқу жылы қарсаңындағы қуанышты жаңалықпен құттықтады. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасында халықты туған өлке мен өңір өмірін жақсартуға ынталандыру, аймақтардың тарихын, мәдениет және салт-дәстүрін таныту, жергілікті халықтың әлеуметтік маңызды проблемаларын шешуге басымдық танытылған. Күллі қазақстандықтарды ұлттық рухани жаңғыруға жетелеген, рухын көтерген, еліне деген патриоттық сезімін арттырған бұл құнды құжаттың еселенген пайдасы бүгінде халық арасында нәтижесін көрсетіп отыр.
Мәжіліс депутаттары, «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері Оспанов Берік Серікұлы, Мыңбай Дархан Қамзабекұлы, Қайназаров Уалихан Анарбайұлы Түркістан қаласына арнайы іссапармен келіп, бірқатар кәсіпкерлік нысандарды аралады.
Осы аптада Түркістан қаласының әкімі Әліпбек Өсербаевтың төрағалығымен өткен қалалық әкімдіктің кезекті апталық мәжілісінде Түркістан қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2018 жылдың 7 айындағы болжамды орындалуы және қаладағы жер түгендеу мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы талқыланды. Бұл туралы тиісті бөлімдердің басшылары З.Бимбетова мен А.Абдикадиров баяндады.
«Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы» 2018-2022 жылдарға арналған Үкіметтік бағдарламасын Түркістан облысында жүзеге асыру бойынша арнайы кездесу ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы Түлкібас ауданына арнайы іссапармен барып, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар өткізді.