Түркістан қаласында әлеуметтік көмекке мұқтаждығы жоқ отбасылар анықталды

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі атаулы әлеуметтік көмектің орындалу барысы, діни бірлестіктермен атқарылып жатқан жұмыстар және мемлекеттік сатып алу конкурстарының атқарылуы бойынша сала басшылары баяндама жасап, жұмыс барысын таныстырды. 

Әліпбек Өсербаев, Түркістан қаласының әкімі: "Жұмыс істей алмасаң, көке-жәке көмектесе алмайды"

Әліпбек Шәріпбекұлы, Сізді шыңдаған өндіріс екенін жақсы білеміз. 1983 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітіргеннен кейін сонау 2006 жылға дейін өміріңіз құрылыс саласымен тікелей байланысты болды. Тек осыдан 11 жыл бұрын ғана мемлекеттік қызметке бет бұрдыңыз. Және жетістігіңіз жаман емес. Қысқа уақытта Түркістандай шаһардың тізгінін қолға алдыңыз. Тіпті облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасын да басқардыңыз. Оның үстіне Түркістанға бір емес, екі рет әкім болған адам некен-саяқ  шығар. Мемлекеттік қызметте бұлайша шарықтауыңыздың сыры неде? Әлде жолы болғыштардың қатарынансыз ба? 

Осы RSS каналға жазылу