Super User

Super User

Шымкентте психоәлеуметтік қолдау "науқастар мектебі" ашылды

Емдеу орталығы жанынан ашылған мектептің негізі - психикалық бұзылысы бар, оның ішінде алкагольге және есірткіге тәуелді науқастар мен отбасы мүшелеріне кәсіби психологиялық көмекті қолжетімді ету және сапасын арттыруға бағытталған. Бұл жоба әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың психо-әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға маңызды қадам болып саналады.

Шымкент әкімі әлеуметтік және өнеркәсіп нысандарын аралады

Шаhар басшысы қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Еңбекші ауданында бұрынғы Химиктер мәдениет үйі ғимаратының қазіргі жай-күйімен және «Дани НАН» ЖШС ұн комбинатының жұмысымен танысты. Аталған кәсіпорын шамамен 200 адамды жұмыспен қамтып, өндіріс процесін автоматтандырған. Компания басшылығы шығарылатын өнімдер мен өндірісті кеңейту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

Азия чемпионатының қола жүлдегерлері Шымкентке оралды

Шымкент қаласындағы теміржол вокзалында гандболдан Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алған Қазақстан ұлттық құрамасын салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрама сапында ел намысын абыроймен қорғаған шымкенттік спортшылар – Колесниченко Дарья мен Ситникова Мария, жеңіске жетуде маңызды рөл атқарды.  

Осы RSS каналға жазылу