Super User

Super User

Шымкент: №125 мектеп үшін алар асу да, ұшар биік те алынбас қамал емес

Бүгін Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын үй алабындағы №125 жалпы орта мектепте 1 қыркүйек – Білім күніне орай осымен екінші мәрте алғашқы қоңырау соғылды. Өткен оқу жылының басында ел игілігіне беріліп, тұсауы кесілген, 1200 орындық білім ошағындағы биылғы салтанатты шара «Рухани жаңғыру – Елорданың еңселі белестері» атты тақырыптың аясында Астана қаласының 20 жылдығына, Ақтау қаласының 55 жылдық мерекесіне және шырайлы Шымкенттің республикалық маңызға ие қалаға айналып, мегаполис атануына арналды. Жиынға «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігінің бас редакторы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Тұтқабай ФАЗЫЛБЕК пен Қаратау ауданы әкімдігінің заңгері Қанатбек СӘМБЕТОВ қатысып, барша ұстаздар мен шәкірттерді, ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді. 

Түркістан облысы: Келес ауданы әкімдігі аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мен жарықтандыруға көңіл бөлуде

Өткен сенбіде Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, бөлімше басшылары және тиісті мамандар, ауыл, ауылдық округтердің әкімдері, ветеринария бөлімінің басшысы, ауылдық ветеринария пунктердің меңгерушілері, АІІБ ЖПБ басшысы, аудандық (РЭС) электр жүйелері мекемесінің басшысы, аудандық аурухана басшысы және аудандық емханалардан аға дәрігерлері қатысты. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімдерінің басшылары тағайындалды

Мақтаарал ауданында өткен кеңейтілген аппарат мәжілісінде аудан әкімі Бақыт Асанов құрылымдық бөлімдердің жаңадан тағайындалған басшыларын аудан активіне таныстырды. 

Түркістан облысының диқандары Ресей мен Қырғызстанға қауын-қарбыз экспорттап жатыр

Түркістан облысы Отырар ауданының диқандары қауын-қарбызды көрші мемлекеттерге экспорттап жатыр. Мәселен, бір ғана шаруашылық жиын-терін басталған бір аптаның ішінде 300 тонна өнімді Ресей мен Қырғызстанға жөнелткен.

Осы RSS каналға жазылу