Super User

Super User

Түркістан облысының әкімі Келес ауданында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты

Бейсенбі, 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Келес ауданында барды. Онда әуелі Достық елді мекеніндегі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында екі мектеп пайдалануға берілді

Өткен бейсенбі, яғни 23 тамыз күні Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды. Өңір басшысы Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде орналасқан 600 орындық орта мектептің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.  Облыс әкімі мемлекет тарапынан білім саласына көңіл бөлініп жатқанын, білім ұяларының саны артқанын айта келе жаңа мектептің ұстаздары мен оқушыларына сәттілік тіледі.

Түркістан облысының 20 мұғалімі Мәскеу мемлекеттік университетінде тегін оқитын болды

Түркістан қаласында өткен облыстық Тамыз кеңесінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаев  ұстаздардың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесіне тоқталды. Ұстаз бедеді — мемлекет беделі екенін атап өткен ол білікті маман, отаншыл азамат тәрбиелеу үшін мұғалімдердің білімі мен қайраты мол болу керектігін айтты. Облыста түлеп ұшып, өзге өңірлерде қызме етіп жүрген білікті мамандар мен педагогтарды туған жерге шақыру керектігін жеткізді.

Түркістан облысының әкімі 39 мектеп түлегіне ЖОО-ға жолдама берді

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 39 мектеп бітіруші түлекке жоғары оқу орындарына жолдама берді. Оларға оқуда озат болуды, сапалы білім алып, елге қызмет етуге шақырды.

Осы RSS каналға жазылу