Super User

Super User

Созақ ауданындағы Жартытөбе ауыл округінде кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Бүгінде Жартытөбе ауылдық округінде шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып, 10-нан астам кәсіп түрі жолға қойылды. Бұл бастамалар ауыл тұрғындарының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ауылға арнайы барып, жүзеге асып жатқан жобалардың барысымен танысты. Бұған дейін аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес округ әкімі Дания Жүсіпов көршілес елдер мен өзге өңірлердің озық тәжірибелерін зерделеп, тиімді тұстарын жергілікті жағдайға бейімдеп енгізген. Нәтижесінде, кәсіп түрлері ауыл азаматтары тарапынан қолдау тауып, нақты іске айналуда.

Сауран ауданының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімінің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Мәжіліс барысында аудан аумағындағы өндірістік парктің жол картасының орындалуы және инвестициялық жобаларды тарту жұмыстарының барысы талқыланды.

Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері мен шағымдары қаралды

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Азаматтарды қабылдау орталығында кезекті рет тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Қабылдау барысында Сайрам, Сауран, Шардара аудандары мен Түркістан қаласының азаматтары өтініштері мен шағымдарын ортаға салып, облыс әкімі орынбасарының көмегіне жүгінді.

Шетелдік инвесторлар Түркістан облысында флоат-шыны өндірісін іске асыруды көздеп отыр

Түркістан облысында шетелдік инвесторлар жаңа флоат-шыны өндіру жобасын іске асыруды көздеп отыр. Жобаны жіті зерделеу мақсатында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек шетелдік инвесторлармен кездесті. Кездесу барысында тараптар өңдеу өнеркәсібін дамыту және жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, жер және инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын талқылады.

Осы RSS каналға жазылу