Super User

Super User

Түркістан облысындағы 6 теміржол вокзалы жөндеуден өтеді

Еліміз Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет Түркістан облысындағы тозығы жеткен теміржол вокзалдары жөндеуден өтпек. Нақтырақ айтқанда, «Түркістан», «Манкент», «Түлкібас», «Сарыағаш», «Темір», «Арыс-2» теміржол вокзалдарына реконструкциялау жұмыстарын жүргізу жопарлануда. Аталған вокзалдардың эскиз жобасы мен алдағы жұмыстар Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалағымен өткен кеңесте талқыланды.

Биыл Түркістан өңіріндегі колледждерге 15 500 орынға грант қарастырылып отыр

Түркістан өңіріндегі колледжерде «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай 9 жаңа мамандық ашылды. Олар: жүк көтергіш машиналар мен транспортерлер, пайдалы қазбалардың кен орындарын жер астында өңдеу, жаңартылған энергетика, жемістер мен көкөністерді сақтау және қайта өңдеу, стамотология, фармация. Бүгінге дейін заңдастыру және құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп, лицензиялары алынды.

Түркістан облысында тағы 4 индустриалды аймақ құрылады

Түркістан облысында жалпы құны 130,3 млрд теңгені құрайтын 100-ге жуық инвестициялық жоба индустриалды аймақтарда жүзеге асырылып жатыр. Бұл жобалар нәтижесінде 6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Шанхайда Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды

ҚХР-ның Шанхай қаласындағы ғасырға жуық тарихы бар Broadway Mansions қонақ үйінде Visit Turkistan туристік ақпараттық кеңсесі ашылды.

Кеңсенің негізгі мақсаты – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін саяхатшыларға Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыру және өңірге туристерді тарту.

Осы RSS каналға жазылу