Дүйсенбі, 09 Маусым 2025 22:39

Созақ ауданындағы ауылдар мен елдімекендерде ішкі жолдар жөнделуде

Аудан аумағындағы ауылдар мен елдімекендердің ішкі жолдарын жақсарту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін Құмкент ауылы мен Қызылкөл елдімекенінде жалпы ұзындығы 11,21 шақырым болатын ішкі көшелерге асфальт жабындысы төселді. Сонымен қатар Ақсүмбе, Сарыжаз, Шаға және Раң елді мекендеріндегі ұзындығы 6,51 шақырымды құрайтын ішкі көшелері де асфальтталды.

Қазіргі таңда өзге ауылдар мен елдімекендерде де ішкі жолдарды жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда. Айта кетейік, биылғы жылы ішкі жолдардың сапасын арттыру мақсатында аудандық бюджеттен бөлінген қаражат көлемі өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артты. Бұл қаржы есебінен 66,4 шақырымды құрайтын ауылішілік көшелерге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төсеу көзделген.

Сонымен қатар, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 14,2 шақырым болатын 12 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Өткен жылы да аталған бағдарлама шеңберінде ауданда 25 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, барлығы 26,1 шақырым жол жаңартылды. Бұған қоса, аудандық бюджет есебінен 21,2 шақырымды құрайтын 18 көшеге асфальт жабындысы мен қиыршық тас төселген болатын.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 48 рет