Super User

Super User

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 53 893 ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ МЕКТЕП ФОРМАСЫМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева, Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұргүл Шамшиева оқушылардың жаз мезгіліндегі демалысы, жаңа оқу жылына дайындық, мектепке дейінгі білім беруді қамтамасыз ету бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Білім басқармасының мәліметінше, шаһарда білім беру ұйымдары жаңа оқу жылында 48 мекемеге артып, жалпы саны 946-ны құрады. Оның ішінде, 30 балабақша, 15 мектеп, 1 оқушылар сарайы жаңадан жұмысын бастайды.

—2023 жылы 1-ші сыныпқа 27 000 оқушы қабылданып отыр. 53 893 оқушы мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Бұл жұмыстар шілде айында аяқталды. Қазіргі таңда мемлекет есебінен 7241 бала, демеушілер есебінен 9474 бала қала сыртындағы лагерлерде демалуда. Жалпы 215 жазғы сауықтыру лагерлері балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырды, - деді басқарма басшысы.

2023 жылдың қыркүйек айында 2 845 орындық 30 балабақша, 18 мектеп пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, үш ауысымда оқитын 3 мектеп мәселесі қыркүйек айында толық шешіледі.

Ж. Тәжиева білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, мектептерде қауіпсіздікті арттыру бағытындағы жұмыстарға тоқталып өтті.

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті ОҚМПУ-мен бірлесе 10-24 шілде аралығында қала мектептерінің 2023-2024 жаңа оқу жылына дайындығына мониторинг жүргізген. Департамент басшысы жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі, бейнебақылау жүйесі, асхана, спорт залдарының, турникеттерінің болуы және жылдам басқару орталығына қосылу жұмыстарына бақылау жүргізіліп, бірқатар мекемелерге ескерту берілгенін атап өтті.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: «ЖЕКЕ МЕКТЕПТЕР МЕМЛЕКЕТТІК МЕКТЕПТЕГІ ОҚУШЫ ОРНЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІН ШЕШЕДІ»

 

Әне-міне, дегенше жаңа оқу жылы да таяп қалдыү  Шымкент қаласында биыл жаңадан 4 мектеп салынып жатыр. Соның ішінде 3 мектеп жаңа оқу маусымына, яғги қыркүйек айына дейін пайдалануға берілсе, Қаратау ауданы Нұрсәт шағын ауданында орналасқан «South Alup» жеке мектебі жыл соңында беріледі деп күтілуде.

Бүгін қала әкімі құрылыс нысандарын аралау барысында Нұрсәттегі «South Alup» мектебіне арнайы барып, құрылыс жұмыстарын бақылады. Қазіргі уақытта жұмыс ауқымының 70 пайызы орындалған. Мектеп аумағы 2,8 гектарды құрайды, 1425 оқушыға лайықталған.

Ғимарат үш қабаттан тұрады, мұнда арнайы спорт залы, асханасы, лингофондық, компьютерлік сынып бөлмелері қамтылған. Мектеп жаңа заманауи үлгімен салынуда. Әрі жаңа технологиялық құралдармен жабдықталған.

«South Alup» жеке мектебіне жақын орналасқан 2 мемлекеттік мектеп бар. Оның бірі 1200 орындық №130 мектеп, мұнда 2066 оқушы білім алуда. Сонымен қатар 1200 орындық №132 мектепте 1762 оқушы білім алуда.

Қазіргі салынып жатқан «South Alup» мектебі көршілес мектептегі оқушы санының тығыздығын болдырмауға септігін тигізбек. «Яғни, жеке мектептер мемлекеттік мектептегі оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешеді», - деп түйіндеді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Айта кетейік, биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары  Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде.

Еске сала кетейік, Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіның мәліметінше, бүгінде қалада 9 білім ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін 4 мектеп пен 2 балабақшаның және колледж бен 2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты жөндеуден өтеді.

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІ БОЙЫНДАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкентте жол құрылысы қаланың даму жоспарына сәйкес қарқынды жүргізілуде. Қала әкімі М.Әйтенов Өтегенов көшесі жалғасының 2-кезеңінде атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау үшін жауаптылармен бірге нысанға арнайы барды. Осыған дейінгі берілген тапсырмалардың орындалуын, жалпы жұмыстардың сапасы мен атқарылу барысын тексерді.

Бұл кезең Сырым батыр және Төлеметов көшелері аралығын қамтиды. Жоба бойынша жалпы ұзындығы - 1,2 шақырым, ені - 28 метр. Автомобиль жолында 4 жолақты жүріс бөлігі қарастырылған.

Қазіргі таңда мұнда жол негізі салынып, көшеде асфальт жабындысын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. Сондай-ақ кестеге сай жаяу жүргіншілер жолы салынып, суағарлар, инфрақұрылым жүйелері орнатылуда. Жалпы, жұмыстар 70% пайызға атқарылды.

Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымдық Өтегенов көшесі жалғасының құрылысын 2 кезең бойынша толық аяқтап пайдалануға беру жыл соңына жоспарланып отыр. Сондай-ақ М.Дүйсенбекұлы Солтүстік батыс шағын ауданындағы Өтегенов көшесінен Шұбаркөл көшесіне дейінгі аралықтағы Найзалы көшесінің жол құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобада аталған көшеге төселетін асфальт жабындысының ұзындығы 2 шақырым.

Жалпы, биыл Солтүстік батыс шағын ауданындағы 2,6 шақырымды құрайтын Найзалы және Келешек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.

Айта кетейік, 2024 жылға Тарақтас, Алтындала тұйығы, Нұрлы таң №1,2,3,4,5,6 көшелерінің тұйығына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Жалпы, Солтүстік батыс шағын ауданының жалпы аумағы 39,7 шақырымды құрайды, оның 33,6 шақырымы асфальт жол.

Қала әкімі жауаптыларға жұмысты әлі де жүйелеп, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Жауаптыларға қадағалауды күшейтіп, жұмыстардың нақты орындалуы бойынша есеп беруді міндеттеді.

ШЫМКЕНТТЕ ТҰРҒЫН ҮЙ КЕЗЕГІ БОЙЫНША ТҮГЕНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкент қаласы бойынша биылғы жыл басынан бері арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тұрғын үй кезегінен шығарылып, түгендеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда. көпбалалы отбасылар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы және бюджеттік ұйым қызметкерлері санаты арқылы баспанамен қамтылған азаматтар тізімнен алынып, тұрғын үй кезегі айтарлықтай алға жылжыды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы әкімдігінің тұрғын үй комиссиясының шешімімен арендалық баспанамен қамтылған азаматтар тізімі басқарманың ресми сайтында жарияланған. Ол үшін мына төмендегі сілтемеге өтіңіз: (https://www.gov.kz/.../shymke.../documents/details/502876...)

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдау жөніндегі мемлекеттік қызметі республика бойынша kezekte.kz электрондық порталы арқылы іске асады.

Аталған электрондық порталдың кезектілік серпіні ашық түрде жүргізіледі. Кез келген қызметті алушы кезекте тұрған, тұрғын үймен қамтылған азаматтар туралы мәліметтерді білуге және өз кезегінің жылжу ретін толық көруге мүмкіндігі бар.

Биыл жыл басынан бері түрлі санаттар бойынша кезек реттілігі әр түрлі орналасқан 2700-ден аса азамат кезектен шығарылған. Оның ішінде 168 азамат арендалық бағытта шілде айында тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша тұрғын үймен қамтылғандар. Айта кету керек, кезек реттілігінің тікелей жылжуы арендалық бағытта баспанамен қамтылған азаматтарды кезектен шығару арқылы жүзеге асырылады.

Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жыл соңына дейін жалпы саны 324 пәтер- арендалық бағытта кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға, тұрғын үй кезегіндегі мемлекеттік қызметкерлерге табысталу көзделген болса, 888 пәтермен жұмыс істеп жүрген жастар қамтылатын болады. Бұдан бөлек 1732 пәтер несиелік бағытта тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға берілу жоспарланып, оның ішінде қазіргі таңда 1034 азамат ипотекалық негізде өз баспанасына қол жеткізді. Яғни "5-20-25" несиелік бағыты бойынша 641 пәтер, "2-10-20 Бақытты отбасы" бойынша 322 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша - 71 пәтер кредиттік бағытта рәсімделген. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкент қаласы бойынша 2881 пәтер берілген. Оның ішінде:

748 пәтер- кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, көпбалалы отбасыларға және жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар санатындағы азаматтарға;

857 пәтер — жұмыс істеп жүрген жастарға табысталған болатын.

1276 пәтер — «Отбасыбанк» АҚ-ы арқылы «2-10-20Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ», «5-20-25» бағдарламалары бойынша несие негізінде берілді.

 

Осы RSS каналға жазылу