Шараның негізгі мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тікелей кері байланыс орнату. Аталған іс-шараға Созақ аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің және Созақ «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының Созақ ауданының ХҚК бойынша және Созақ аудандық көші- қон қызмет тобының жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара аясында «Тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу, қандас мәртебесін алу, елден кетуге байланысты құжаттарды рәсімдеу сияқты мемлекеттік қызмет түрлері» тақырыбына орай азаматтарға кеңес беріліп, тұрғындардың көкейіндегі сұрақтарына нақты әрі толыққанды жауаптар ұсынылды және мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы үнпапақтар азаматтарға таратылды.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат