Биыл Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы үшін жалпы бюджеттен 31,3 млрд. теңге қаралған
Түркістан облысы бойынша 2025 жылы 1060 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға тапсыру жоспарланған. Оның ішінде көпқабатты тұрғын үй – 410,2 мың шаршы метр болса, жеке тұрғын үй көлемі 649,8 мың аршы метр болады деп күтілуде. Сәуір айының қорытындысымен өңірде 226,1 мың шаршы метр тұрғын үй алаңы пайдалануға тапсырылды. Осы саладағы мәселелер облыс әкімдігінде өткен мәжілісте талқыланды.