«Жалпы облысымыздағы ең басты мәселелердің бірі - арнайы шомылу орындарының аздығы. 2024 жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 14 шомылатын арнайы жағажайлар жұмыс істеді. Бұл облыстың 2 миллионнан аса тұрғынына өте аз. Сондықтан да биыл облыс әкімінің тікелей тапсырмасы негізінде 70-ке жуық ашық жағажайлар ашу жоспарлануда. Одан бөлек, өңірімізде аквапарк салу мәселесі де басты назарда.
Айта кететін жайт, өткен жылғы статистика көрсеткендей қайғылы жағдайдың 45%-ы канал, арықтарда орын алған. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында жыл басынан бері 742 рет рейд жүргізілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде тәртіп бұзған 53 азамтқа 730 миллионға жуық айыппұл салынды. Сол себепті облыс тұрғындарына шомылу маусымының басталуына орай судағы қауіпсіздік ережелерін толықтай сақтауларын сұраймын»-деді сала басшысы.