Бүгін Абай саябағында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шымкент қаласында алғаш рет өткен «Shymkent fest» жобасының жабылу салтанаты өтті.
Екі ай мерзімге созылған фестиваль 14 бағытта, 12 мен 35 жас арасында, «Хиты всех времен», «Tik-tok vs нағыз бишілер» би батл, Street workout-тан жастар арасында қалалық жарыс және мастер-класс, «Shym youth life» скейт және граффити шоу, «NOSTALGIA GAME» балалық шағымның ойындары фестивалі, «Modern» заманауи жастардың мүмкіндіктері тақырыбында арнайы сурет салу байқауы, үстел теннисінен, «Brain blitz» интеллектуалды сайысы және «Sky movie» кино көрсетілімі, ән-би жарыстары өтті.
«Shymkent fest» жобасы - жаз мезгілінде қала жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, көше спорт түрлерін жастар арасында кеңінен дәріптеу және саламатты өмір салтын ұстануға баулуға бағытталған бірегей жоба.
Аталмыш жобаның жабылу салтанатына Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Серғазы Кәрімұлы қатысып, фестивальға атсалысып, белсенділік танытқан жастарға алғысын айтып, қала жастарын «12 тамыз — Халықаралық жастар күнімен» құттықтады.
Сонымен қатар, фестивальге белсене қатысып, жеңіске жеткен жастар марапатталды. Кеш ән, биге жалғасты.
Тілге тиек етейік, Шымқалада жастарды қолдау мақсатында бірқатар шаралар қолға алынған. Мәселен, Шымкент жастарына бизнес жүргізу үшін 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде кредиттер 5 жылға 2,5% - бен беріледі. Несие алудың міндетті шарты-кепілдік мүлік. Қазіргі уақытта жас кәсіпкерлерден 60 өтінім берілді. Олардың 20% - ы комиссияның қарауына ұсынылды. Бизнеспен айналысқысы келетіндер үшін конкурстық негізде микрокредиттер беріледі. Атап айтқанда, 21 мен 35 жас аралығындағы жастар. Микрокредитті кез келген мақсатта 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына-7 жылға дейін алуға болады. Сондай-ақ, кредиттік бағдарлама шеңберінде 1,5 жылға арналған кредиттік каникул көзделген. Көрсетілген мерзім ішінде Қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеуден босатылуы және өз қызметін жандандыру мүмкіндігіне ие болуы мүмкін.