Сейсенбі, 22 Тамыз 2023 21:35

ШЫМКЕНТТЕГІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ 13 КӨШЕГЕ БИЫЛ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

Жалпы аудан аумағында ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. Жолдардың 233,2 шақырымын (89,7%) асфальт жол, 22,5 шақырымын (8,7%) тас жол және 4,3 шақырымын (1,6%) топырақ жол құрайды. 2023 жылы барлығы 28 көшеге ораташа жөндеу мен 12 көшеге шағал тас төсеу бойынша ұсыныстар қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізіліп, қазіргі таңда қарқынды жұмыстар атқарылуда. Жыл басынан бері 13 көшеге асфальт жабындысы төселді.

Аудан аумағындағы 110 көше жарықтандырылған. 2023 жылы 14 көшені жарықтандыру мақсатында Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына ұсыныс енгізіліп, оның ішінде 8 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда Әл-Фараби ауданы тұрғындарының 99,9% табиғи газбен, ал, 100%-ы ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз етілген. «Сәуле» ш/а 276-орамдағы табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары «Ремстрой» ЖШС мердігер мекеме тарапынан жүргізілуде. Құрылыс жұмыстары 2023 жылдың қыркүйек айына дейін аяқталып, аудандағы табиғи газбен қамту көрсеткіші 100% құрайтын болады. Әл-Фараби ауданы аумағында 926 көпқабатты тұрғын үйдің 857-сі орталықтандырылған жылу қабылдайды. Қазіргі таңда, сол 857 көпқабатты тұрғын үйдің 455-іне сығымдау жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде жалпы аудан бойынша қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 53% құрап отыр.Қалған көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша "Қуатжылуорталық 3" пен аудан аумағында 7 сервистік қызмет көрсетушілермен бірлесіп, арнайы іс шара жоспары құрылып, бекітілді.  

Аудан аумағында орналасқан 926 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген. «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2023 жылы 39 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу үшін бюджеттен қаржы қаралды. Қазіргі таңда, мердігер мекемелер 24 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларында абаттандыру және балалар ойын алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізуде.

Биылғы жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Береке ш/а. 276 орамда ашық спорт алаңшасы пайдалануға берілсе, қазіргі таңда Жангелдин көшесі №14 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Соңғы 3 жыл ішінде аудан аумағында 41 ашық спорт алаңшасы салынып, халыққа пайдалануға берілді. Жалпы аудан аумағында 105 ашық спорт алаңшасы орнатылған.Аудан аппараты тарапынан су басу қауіпі бар аумақтарға зерделеу жұмыстары тұрақты жүргізіліп, бірінші кезекте (маңызды) ирригациялық жүйелерді орнатуды қажет ететін көшелердің тізімі анықталды. 2022 жылы 28 көшеге ирригациялық арық орнатылса, 2023 жылы 5 мекен-жайға жалпы ұзындығы 1,3 шақырымға ирригациялық жүйелер орнату жұмыстары жүргізілуде.

Оқылды 204 рет