Ағымдағы жылы Қаратау ауданына қарасты Сайрам және Қызылсу елді мекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстары атқарылуда. Құрылыс жұмыстарының аяқталуына орай, аудан аумағындағы барлық елді мекендер сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Бозарық саяжайының жаңақұрылыс аумағындағы 1200 абонентті электр жарығымен қамту жұмыстары атқарылатын болады. Одан бөлек, ОЖТ тарапынан инвест бағдарлама аясында Тассай, Таскен, Қайтпас және Сайрам елді мекендерінде электр желілері мен трансформаторлар алмастырылуда.
2023 жылы Тұран шағын ауданында газ құбырын тарту құрылысы аяқталып, абоненттеу жұмыстары жүргізілуде. Тассай т/а, Нұртас ш/а құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталып, жыл соңында елді мекендерді табиғи газбен қамту көрсеткіші 96% құрайтын болады деп жоспарлануда. 2025 жылға дейін аудан халқын табиғи газбен қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
Санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру мақсатында аудан территориясы 7 аумаққа бөлініп, оған Қаратау ауданы әкімі аппаратының жауапты мамандары бекітіліп, жұмыс атқарылуда. 2023 жылдан бастап аудан аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстары «Қаратау» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан атқарылуда.
2023 жылы аудан тұрғындарының қатысуымен орталық көшелердің бойына және көп қабатты үй аулаларына 5000 түп ағаш көшеті отырғызылды.
190 мыңнан астам тұрғыны бар ауданда 2022 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мекемелермен тұрғындар арасында келісім-шарт түзу көрсеткіші 99% құрап отыр. Аталған көрсеткішті ағымдағы жылы 100%-ға жеткізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Көп қабатты тұрғын үй аулаларындағы қоқыс алаңшаларына 2022 жылы аудан әкімі аппараты тарапынан 375 жаңа қоқыс контейнер орнатылып, 46 қоқыс алаңшасының орны абаттандырылса, 2023 жылы 127 жаңа қоқыс контейнері орнатылды.