Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 22:41

Түркістан облысы: Келес ауданында жер телімі беріле бастады

Келес ауданына қарасты Ұшқын ауылдық округінің Достық елді мекенінде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оңайлатылған бас жоспарға сәйкес инфрақұрылымдары жүргізіліп тұрғын үй құрылысы үшін алқап дайын болды. 

Оңайлатылған бас жоспарға сәйкес аумағы 95,5 гектар жер дайын алқапта 356 тұрғын үй құрылысы және қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін, мектеп аумағы үшін - 2,40 гектар, мешіт аумағына - 0,73 гектар, 2 коммерциялық нысан аумағына 0,30 гектар қарастырылған. Қазіргі таңда Ұшқын ауылдық округінде халық саны 7223-ті құраса, Ұшқын елді мекенінің үлесінде - 3743, Достық елді мекенінде – 2310, Қоралас елді мекенінде 1170 тұрғынды құрайды. Оның ішінде 830 адам тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген. Осы күндері Ұшқын ауылдық округінің әкімінің шешімі қабылданып, тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға жер телімі беріле бастады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 814 рет