Түркістан-Ташкент бағытында жоғары жылдамдықты темір жол салынатын болды

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиясының 18-ші отырысында, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ариповпен, Өзбекстан Республикасы Су ресурстары жөніндегі министрі Ш.Хамряевпен және «Узбекистан Темір жолдары» АҚ Басқарма Төрағасы Х.Хасиловпен кездесті.

Түркістанның зиялылары «Президенттің 10 бағыты елді дамуға бастайды» дейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға негізделген 10 бағытты атап өтті. Бұл бағыттардың бәрі Қазақстанды дамытып, елдің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайымен қатар рухани деңгейінің көтерілуіне де серпін бермек. Қоғамның барлық саласы қамтылған Президенттің алдағы жоспарлары туралы Түркістан облысының зиялы қауым өкілдері де пікір білдірді.

Түркістандық жас түлек ҰБТ-дан 137 балл жинады

Түркістан облысы бойынша 2018-2019 оқу жылында 11 сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Қазіргі таңда 24 513 түлектің 16364-сі (66,8%) ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 20 маусымда 9 аудан, қалада 332 мектептен 4 190 бітіруші тест тапсыруға өтініш берген. Қазірдің өзінде түркістандық түлектер жоғары балл алып үлгерген. Ең жоғары 137 балл жинаған Түлкібас ауданының оқушысы Сүйрік  Қасым болса, 135 баллды Ордабасы ауданының оқушысы Лаура Мұратбек мен Түлкібас ауданының оқушысы Аружан  Меирбек жинады. 

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова бүгінгі күннің қорытындысымен облыстың орта балы – 69,9 балды құрағанын жеткізді. «Тестілеуге кіргізу кезінде ҰБТ қағида талаптарының бұзылуы орын алмады. Барлық мектеп бітірушілер арнайы рамалы металіздегіштер арқылы өткізіліп, ұялы телефондары алынды. Облыста 15 ҰБТ өткізу пункті бар. 16 онлайн трансляцияға үлкен экрандар орнатылған. ҰБТ өткізу пунктеріне түлектерді тасымалдау, жатын орындарын дайындау және тамақтандыру басқарма тарапынан қамтамасыз етіліп отыр. Қазіргі таңда 100 балдан жоғары жинағандар – 766 (20,9%) оқушы.  Бүгін 21 маусымда 4 ауданда өткізілуде. Оған 1914 бала қатысып жатыр», – деді Ардақ Мәдіханқызы.

 

Сондай-ақ, брифинг спикері өңірдегі мұғалімдерді аттестациядан өткізу жұмыстарын баяндады. «Түркістан облысы көлемінде 2019 жылғы жазғы мезгілде 13004 мұғалім тестілеуден оң қорытынды алып, аттестаттаудың екінші кезеңіне келді. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында педагогтарды аттесттауының екінші кезеңін автоматтандыру бойынша пилоттық жоба басталды. Пилоттық жобаны іске асыру мақсатында jumys.sitcen.kz порталында арнайы аттестация бөлігі ашылды», – деді ол. Порталмен жұмыс жүргізу ережесі облыс педагог қызметкерлеріне таныстырылуда. Бұл жұмыстардың қорытынды нәтижесі жоғары болады деп күтілуде.

«AQ-QARA-KZ» - ақпарат»

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің» жәрмеңкесі өткізілді

Мақтаарал ауданы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕ АҚ-ның «Халықа қызмет көрсету орталығының» Мақтаарал аудандық бөлімінің бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес, әкімдік қызметкерлері мен ХҚКО мамандары кешегі сәрсенбіде Мырзакент кентіндегі «Мәдениет үйінде», 27 маусым күні Атакент кентіндегі Атакент кенті әкімі аппаратының ғимаратында, 28 маусым күні орталық базар аумағында халық жиналатын орындарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді. Іс-шара барысында қызметтерді электронды үкіметтің «Egov.kz» порталы арқылы және «EgovKzBotTelegram» арқылы алу жолдары насихатталды. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданының әкімі халықтың талап-тілегіне құлақ түрді

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жеке қабылдауға келген азаматтардың 5-і тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойса, 1 тұрғын көшет егу кәсібін ұлғайту мәселесін көтерді. 

Түркістан облысы: Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті

Аудан орталығы Т.Рысқұлов ауылындағы орталық стадионда 26 маусым– Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күні мерекесіне орай 2006-2007 жылдары туылған жасөспірімдер арасында футболдан Түлкібас ауданының ашық біріншілігі өтті. Аталған іс-шара аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және Түлкібас аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізілді. 

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев: «Арыста қай аудан жұмысты ұйымдастыра алмаса, жауапты адамды жұмыстан босатамын»

Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев апталық аппараттық мәжілісті Арыс қаласының әкімдігінде өткізді. Жиынға өңірдегі құрылым басшыларынан бөлекреспубликаның барлық облыстарының өкілдері қатысты

Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Әкем, Анам және Мен» отбасылық жарысы ұйымдастырылды

Т. Рысқұлов ауылындағы аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Есірткісіз жарқын болашақ» ұранымен «Әкем, Анам және Мен» атты тақырыпта отбасылар арасында аудандық толағай жарысы өткізілді. Жарыс аудандағы 3 спорт мектебінде еңбек ететін қызметкерлердің отбасылары арасында өтті. 

Түркістан қаласында «Жастар аллеясы» салынып жатыр

Түркістан қаласында облыс әкімінің тапсырмасынасәйкесхалық көп шоғырланған орталық көшелер бойынан қоғамдық көгалдарды (скверлер мен аллеялар) көбейту бойынша бірнеше демалыс алаңшаларын салу жоспарланған болатын. Бүгінде солардың бірқатарының құрылысы басталып кетті.