Түркістан облысы: Энергетика министрлігінің департамент директоры Келес ауданында болды

18 қазанда Келес ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Елбасының халыққа арналған "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры Әшімбаев Өмірсерік Үстетайұлы арнайы келіп, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. 

Түркістан облысы: Келес ауданындағы кеден бекетінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен Келес ауданы әкімдігімен бірлескен іс-шара ұйымдастырылды. 

Түркістан облысы: «Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдау өткізді

«Нұр Отан» партиясының Төлеби аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жайы пысықталды

Қазанның 18-інде Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бауыржан Бақытұлының төрағалығымен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясының кезекті мәжілісі өтті. Оған төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия мүшелері, бөлім басшылары қатысты. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап, «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан облысы: жеңімпаздарға құрмет толастамайды

Балтық жағалауы елінде өткен гір көтеруден әлем чемпионатында жеңіске жеткен шардаралық спортшыларға деген құрмет одан әрі жалғасып жатыр. Спорттың осы түрі бойынша шағалалы өңірден шыққан тұңғыш әлем чемпиондары Медет Оңалбекұлы мен Нұрболат Ергеш, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Бақдәулет Шынтановтай даңқты спортшыларды өздері жаттығатын облыстық №4 ОРМБЖСМ ұжымы да құттықтады. 

Түркістан облысы: Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті

Қазанның 16-сында Түркістан қаласында Сенат депутаты, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Сәуле Айтпаеваның төрағалығымен селекторлық мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, облыстық прокуратурасының басшылығы, облыстық ішкі істер департаментінің орынбасары, жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция бөлімі, сондай-ақ аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары селекторлық режимде қатысты. 

Ұласбек Сәдібеков: «Қоғамның дамуына өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол»

Шымкентте «Қазақстандағы ауылдық үкіметтік емес секторды дамыту: сынақтар, көзқарастар, табысты тәжірибелер» тақырыбында конференция өтті. «Береке» және «Экоцентр» қоғамдық бірлестіктерінің бірлескен іс-шарасына АҚШ-тың USAID агенттігі қаржылай қолдау көрсеткен. Конференцияның ашылу салтанатында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков сөз сөйлеп, қоғамның дамуына өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың қосар үлесі мол екенін айтты. 

Түркістан облысы: Келес ауданында «Рухани келісім» күні аталып өтті

Келес ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен 18 – қазан «Рухани келісім» күніне орай, Келес ауданының Абай ауылындағы №13 колледждің кіші футбол алаңында діни бірлестіктер арасында татулықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Рухани келісім – бейбітшілік кепілі» атты спорттың кіші футбол түрінен сайыс өтті.