Түркістан облысы: Келес ауданы әкімдігі талқылайтын мәселе көп

Кеше Келес ауданы мәжіліс залында аудан әкімі А.Есбаев төрағалығымен аппараттық жиын болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары, халыққа қызмет көрсету орталығы, зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы, жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті және ауыл, ауылдық округ әкімдері қатысты. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданындағы ескі мектеп ғимараттары қайта құрылымдаудан өтпек

Жетісай ауданына қарасты Қызылқұм ауылдық округіндегі Ябек Есенбеков атындағы ескі мектеп алдағы уақытта 200-ге жуық оқушынының жазғы демалысын қамтамасыз ететін лагерге айналмақ. Ол үшін бір жылдан бері қолданыссыз жатқан мектепте барлық мүмкіндіктер бар. 

Түркістан облысы: Жетісай ауданы әкімі жылысулықтармен кездесті

Бүгін Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев Жылысу ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында алдағы мақта теру науқанына дайындық шаралары пысықталып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлерді цифрландыру, ауыз су, жол жөндеу мәселелері талқыланды. 

Түркістан облысы: Мақтааралда 4 мектеп пайдалануға берілді

Жаңадан құрылған Мақтаарал ауданында жаңа оқу жылына орай 4 мектеп пайдалануға берілді. Аудан әкімі Бақыт Асанов Жаңажол ауылдық округіндегі құрылысы аяқталған 600 орындық Фирдауси мектебінің ашылу салтанатына қатысып, ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтады.

«Өткен аптада облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы ауданымызға жұмыс сапарымен келіп, Иіржар ауылдық округіндегі Н.Бекежанов мектебінің ашылуына қатысты. Міне, бүгін мақталы өлкеде тағы 3 мектеп ел игілігіне беріліп отыр. Сонымен қатар ауданда 2 мектептің құрылысы жүріп жатса, 9 мектептің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылысы басталуы үшін қаржы бөлу жоспарлануда. Мұның бәрі – Елбасымыздың білімді жастарды, білімді жас ұрпақты қалыптастыруға ерекше мән беріп жатқандығының көрінісі. Әрине, Үкіметіміз қаншама мектеп салып, техникалық базаны күшейтіп қана қоймай, мектептің жаны саналатын ұстаздар қауымының әлеуетін көтеруге де үлкен мән беруде. Сондықтан, құрметті ауыл тұрғындары, жаңадан салынған мектеп ғимараты құтты болсын! Жас ұрпақ болашағымыз десек, сол болашағымыз кемелді болу үшін ұстаздар қауымы осындай заманауи ғимаратта аянбай еңбек етуі керек. Сол үшін де Сіздердің дендеріңізге саулық, жұмыстарыңызға табыс тілей отырып, барлығыңызды білім күнімен құттықтаймын!» - деді Бақыт Нәсірханұлы.

Мектептің ішін аралаған аудан басшысы ғимараттың заманауи құрал-жабдықтармен, инфрақұрылымдармен қамтылғанына куә болды. Мультимедиалық кабинеттерді, зертханалар, мамандандырылған оқу сыныптарын, шеберханалар мен кітапханаларды, әдістемелік, дәрігерлік, психологиялық кабинеттерді, спорт залын көріп, құрылыс сапасына оң баға берді.

Айта кетейік, құрылысы 2017 жылы басталып аяқталған Фирдауси мектебінің жалпы құны 1 млрд. 200 млн. теңгені құрайды. Бұдан бөлек Мақтааралда Жамбыл ауылдық округіндегі 200 орындық 117 мектеп және Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіндегі Ж.Нұрлыбаев атындағы мектеп пайдалануға берілді. Сондай-ақ Мақтаарал ауданында желтоқсан айына дейін тағы бір мектептің құрылысы аяқталады деп күтілуде.

2017 жылы құрылысы басталып аяқталған Ж.Нұрлыбаев атындағы мектептің жалпы құны 385 миллион 699 мың теңгені құрайды. Ал, 117 мектептің құрылысына 412 миллион 37 мың теңге жұмсалған.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Түркістан облысы: Мақтааралда Конституция күні салтанатты түрде атап өтілді

Мақтаарал ауданында Ата Заңымыздың бүкілхалықтық референдумда қолдап-қуаттап қабылданғанына 23 жыл толуына орай салтанатты іс-шара өтті. Аудан орталығы Мырзакент кентінің «Ақ алтын» мәдениет үйіне ағылған халық әнұранымызды шырқап, еліміздің ең басты мемлекеттік құжатына құрмет көрсетті. 

Түркістан облысындағы мектептер жылыту маусымына дайын

Түркістан облысындағы білім ұяларында жаңа оқу жылына және жылыту маусымына дайындық ойдағыдай жүргізіліп жатыр. Бүгінде 1289 білім беру мекемесінде гидравликалық сығымдау жұмыстары аяқталды. Қатты отынды пайдаланатын 849 білім беру мекемесіне қажетті 131863,5 тонна  отын толығымен тасымалданды. Оның ішінде мектепке 109181,4 тонна, балабақшаға 13391,0 тонна қатты отын жеткізілген. 78 білім беру мекемесіне қажетті 3 379,7 млн. литр сұйық отын да тасымалданған.

Түркістан облысы: Ордабасы ауданында 3 мектеп пайдалануға берілді

Білім күні қарсаңында Түркістан облысында 28 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, оқушыларды білім нәрімен сусындатуға кірісіп кетті. Шәкірттері жаңа мектеп ғимаратына кірген білім ордаларының бірқатары Ордабасы ауданында орналасқан.

Түркістан облысында «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті

Облыс орталығы Түркістан қаласында орта мектептердің 5-7 сыныптарына арналған «Өлкетану» оқулығының таныстырылымы өтті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» атты бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кітап Түркістан облысы әкімдігінің тікелей қолдауымен шығарылғанын айта кетейік.

Түркістан облысы: 500 талапкер білім грантын иеленді

Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде Түркия елінің квотасын жеңіп алған талапкерлерге тегін білім беру сертификаттары табысталды. Биыл аталған оқу орнына Түркия Республикасынан 500 грант бөлінген. Бұл Ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тесттен жоғары ұпай жинап, Қазақстанның грантына іліге алмаған талапкерлерге тегін білім алуға берілген мүмкіндік.

Түркістандықтар Конституция күнін атап өтті

Түркістан облысының орталығы — Түркістан қаласында Конституция күніне орай «Айбары мықты — Ата Заң» мерекелік шарасы өтті. Салтанатты шарада Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев көпшілікті мерекемен құттықтады.