Түркістан облысы: жайылым жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғаса бермек

Заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жер оңтайландырылған рәсім бойынша мемлекетке қайтарылуға тиіс. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталды. Агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция тарту – өте маңызды міндет. Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру, алда атқырылуы тиіс жұмыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте жан-жақты талқыланды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің көлемін ұлғайту мүмкіндігі сараланды. Бос жатқан жерді мемлекетке қайтарып, ауыл тұрғындарын ортақ жайылыммен қамтамасыз ету туралы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау барысында атқарылған жұмыстар баяндалды.

Түркістан облысы, Келес ауданында еліміздегі ең үлкен жылыжай кешені салынып жатыр

Аумағы 500 гектардан асатын кешенде жылына 240 мың тонна көкөніс өсірілмек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ауқымды жобаны жүзеге асырып жатқан жатқан «Эко-культура» холдингінің президенті Александр Рудаков бастаған инвесторлармен агро саладағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Түркістан облысында жаңа тәсілмен мақта шаруашылығын дамыту қолға алынды

Түркістан облысында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен 2,5 мың гектар алқапқа мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу технологиялары суды, электр қуатын, еңбек ресурстарын және минералды тыңайтқыштарды үнемдей отырып, гектарынан 60-65 центнерден өнім алуға мүмкіндік береді. Бұл облыстың орташа көрсеткішінен 2,5 есеге жоғары.

Түркістан облысы: күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

Биылғы әскерге шақырудың екінші кезеңі басталды. Жыл сайын әскерге шақырылатын жастар саны артып келеді. Айталық, көктемгі шақыртуда Түркістан облысынан 2500-ге жуық азамат әскерге кетті. 2 мыңнан астам жас күзгі маусымға шақыртылады деп жоспарланып отыр. Бүгін 2024 жылдың күзінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруға даярлаудың негізгі мәселелері қаралып, көктемгі шақыру науқаны қорытындыланды.

Түркістан облысында 21 шалғай елдімекенде интернет базасы іске қосылды

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Түркістан облысына қарасты елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында жол картасы әзірленген. Осы ретте облыстық Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ықпалымен өңірде интернет сапасын жақсарту және интернет базалық станциясын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының қала, аудандарында арендалық үйлер салынып жатыр

Республика бойынша тұрғын үй кезегінде 650 мыңға жуық азамат тіркелсе, оның 65 мыңнан астамы Түркістан облысының азаматтары. Бұл елдегі ең үлкен көрсеткіш. Баспана кезегінде тұрғандардың басым бөлігі көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтағылар. Биыл тұрғындарды баспанамен қамту үшін 2 469 пәтер сатып алуға республикалық және облыс қазынасынан 44,8 млрд. теңге бөлінген.

Түркістан облысы: Саурандағы өндірістік парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған

Облыс әкімінің қолдауымен инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Түркістан облысының Сауран ауданында «Өндірістік парк» құрылысы жүргізілуде. Өндірістік парк 30 гектар жерде орналасқан және жалпы көлемі 66 мың мың ш.м. құрайтын парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған.

Түркістан: облыс әкімі «Достық үйі» ғимаратының құрылысы бойынша тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді.

Түркістан: залалсыздандыру қызметін көрсететін мекемелер лицензия алуы міндетті

Елімізде денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау мен дезинсекциялау және дератизациялау бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру қолға алынды. Аталған құжатты рәсімдемеген залалсыздандыру ұйымдарына жоғарыда аталған қызметтерді көрсетуге тыйым салынбақ. Бұл жайында Түркістан облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов БАҚ кілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

Шардарада қалалық емханаға барар жаңа жолдың құрылысы аяқталды

Шардарада аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасымен, жергілікті бюджет есебінен қалалық емханаға баратын жаңа жолдың құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді. Жолдың ұзындығы 235 метрді құрайды. Аталған жаңа жол, аудан тұрғындарының емханаға кептеліссіз келіп-кетуі мен жедел жәрдем көліктері кеңсесіне кедергісіз кіріп-шығуына мол мүмкіндік береді.