Түркістан: жекеменшік мектеп басшыларымен өзекті мәселелер талқыға түсті

Түркістан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен тамыз кеңесі аясындағы жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларына арналған секция жұмысы өтті. Секция жұмысын басқарма басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова ашып берді.

Түркістан облысы: Жетісай ауданының мәдени күндері басталды

Күні кеше «Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласындағы Жетісай ауданының мәдениет күндері басталды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Түлкібаста солтүстік өңір өкілдерімен «қоныс аудару» мәселелеріне арналған кездесу өткізілді

Түлкібас ауданында «Аудандық мәдениет үйі» ғимаратында еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру жұмыстары бойынша тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жалпы 2015 жылдан бергі көрсеткіштерге сәйкес, жұмыс күші аз Солтүстік өңірлерге Оңтүстік аймақтардан жалпы саны 14 874 адам қоныс аударған.

Венгриялық инвесторлар Түркістан облысында құрама жем зауытын салуды жоспарлап отыр

Венгриялық «UBM GROUP» компаниясы Түркістан облысында құрама жем зауытын салу бойынша таяуда Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдымен кездесіп, арнайы келіссөз жүргізген еді. Нәтижесінде Мажарстанның Алматы қаласындағы Бас консулдығы коммерциялық атташе Ковач Иштван Тибор және «UBM GROUP» компаниясының бас директорының кеңесшісі Доктор Золтан Питер Винм аудандарды аралап, зауыт салуға қолайлы өңірлерді қарастырды.

Шымкенттік самбошылар Кипрден алтын және қола медальмен оралды

Кипрдің  Ларнака қаласында самбодан жылдың басты турнирі жастар арасындағы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті.  Жарысқа 33 елден рекордтық 575 спортшы қатысты. Жарыс спорттық және жауынгерлік самбодан 55 салмақ дәрежесінде өтті. 

Шымкентте достық мерекесі тойланды

Бүгін еліміздің үшінші мегаполисінің Орталық саябағында Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің «Өзбек этносының тілі, мәдениеті және салт-дәстүрі» күніне арналған Достық мерекесі аталып өтті. 

Көкбөрі ойынында – серкені тақымға басқан жігіттер қазандыққа салу керек

"Аq-qara.kz" сайт "Спорт-денсаулық кепілі" жобасын бастады. Негізгі мақсат-елімізде және Шымкентте бұқаралық спортты дамыту және насихаттау. Әр шығарылымда біз көптеген адамдарға ыңғайлы спорт туралы жазамыз. Сарапшылар ретінде табыстың шыңына жеткен танымал Чемпиондар, әуесқой спортшылар таңдалады. 

Бұл мақалада біз V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ең көп көрермен жиған «Көкбөрі» ойыны туралы жаздық. 

Көк бөрі. Шымкенттік Айтбаев Темирхан, Аманжол Нұрдаулет, Онгарбаев Аскар командамен өнер көрсетті. 

"Қазанат" ипподромында өткен көкпар мен көкбөрі сайыстарының  финалдық бәсекесін 20 мың (әр финалға 10 000 көрермен келді) жанкүйер тамашалады.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ спортшылары күміс жүлде еншіледі. 

Қырғыз халқының жауынгерлік ат спорты өнері. Бұл ойынға білекті де жүректі жігіттер менбелді аттар іріктеледі. Жеңіске жету үшін де тұлпар мен спортшының бірлесіп әрекет еткені асамаңызды. Серкені жерден алып үлгерген шабандоз доданы жарып өтіп, оны қарсылас команданың қазандығына салуы керек.