Түркістан: Дархан Сатыбалды 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысын тексерді
Түркістан облысында көпқабатты тұрғын үйлер салу қарқынды жүріп жатыр. Соның бірі – «Отырар» шағын ауданында орналасқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысы. Бүгін облыс әкімі Дархан Сатыбалды нысандарға барып, жұмыс барысын тексерді. Құрылысына жауапты мердігер компаниялардың басшыларымен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.