Шымкенттің бас полицейі бірде-бір шағым ескерусіз қалмайтынын айтты

Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы Ералы Жұмаханбетов құқық бұзушылықтың алдын алу және қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша БАҚ өкілдерінің алдында баспасөз брифингін өткізді. 

Шымкентте арнайы техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Шымкентте қыс мезгіліне авариялық-құтқару және қалалық жол қызметі техникаларының дайындығы пысықталды. Биыл шаһар тазалығы үшін 20 жаңа техника сатып алыныпты. Шараға қала әкімінің орынбасары Бұхарбай Парманов келіп, жауапты мекемелердің қысқа əзірлік жұмыстарымен танысты. 

Денсаулық сақтау министрі іссапармен Шымкент қаласына келді

Келер жылдан бастап дәрігерлердің жалақысы 30, медбикелердікі 20 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Шымкентке арнайы сапармен келген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті

Атаулы әлеуметтік көмек алған шымкенттіктер жеке кәсіптерін дөңгелетіп отыр

Бірі мал шаруашылығымен айналысып жатса, енді бірі тігін цехын ашқан. Жәрдемақы алған тұрғындардың ішінде кондитерлік цех ашып, түрлі тәттілерін саудаға шығарып отырғандар да бар. 

Шымкентте медицина мамандары медициналық сақтандыру бойынша біліктіліктерін арттырып жатыр

Бұл үшін бүгін 150 медицина маманының қатысуымен жаңа жүйені оқыту бойынша семинар басталды. Семинардың ашылуына Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Мархабайұлы Байдувалиев және МӘМС бойынша жаттықтырушы Гүлжан Тұрарқызы арнайы қатысты. 

Шымкентте жыл соңына дейін 1554 пәтер беріледі

Бүгін Шымкентте Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай жетекшілік еткен жиында қаланың құрылысы, көркі және сәулеттендіру мәселелері талқыланып, атқарылған жұмыстар бойынша сын-ескертпелер айтылып, бірқатар ұсыныстар түсті. 

Шымкент: Қала әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Әр аптаның жұма күні мегаполис басшысы жергілікті халықтың мұң-мұқтажы мен талап тілегіне құлақ түреді. Бұл бүгінде дәстүрге айналған. Әрине, ол үшін күні бұрын қала әкімдігінің ресми сайты арқылы немесе фронт-офис арқылы әкімнің қабылдауына жазылсаңыз болғаны. Бүгін Шымкент шаһарының әкімі Ерлан Айтаханов бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қала басшысының қабылдауына келген азаматтардың сұрақтары әртүрлі бағытта өрбіді. 

Шымкент: Вице-премьер Б.Сапарбаев қоғам өкілдерімен кездесті

Жиынға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевпен бірге Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б.Нұрымбетов, Мәдениет және спорт вице-министрі Ү.Бисақаев, Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Есин, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Е.Айтаханов қатысты. 

Осы RSS каналға жазылу