Super User

Super User

Даталы күн: Шымкенттің құтқарушылары ержүрек-батыр жандар

Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесінің құрылғанына 29 жыл толып отыр. Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін 19 қазанда атап өтеді. 1995 жылдан бастап бұл күн Құтқарушылар күні болып белгіленді, ал осы уақыт ішінде шымкенттік құтқарушылар көптеген адамдарға қиын сәттерде көмек көрсетіп, өз жұмыстарын абыроймен және құрметпен атқарып келеді. 

Шымкенттегі кәрістер қауымдастығы 35 жылдығын атап өтті

 «Достық» үйінде Шымкент қаласының кәрістер қауымдастығына 35 жыл толуына орай мерекелік шара өтті. Іс-шара Шымкент қаласындағы корейлер туралы мұрағаттық құжаттар мен фотосуреттер көрмесінен басталып, «Шымкент және Түркістан өлкесінің корейлері бұрынғы және қазіргі уақытта» кітабының тұсаукесері және кәріс  шығармашылық ұжымының концертімен жалғасын тапты.

Шымкент: Жаңталаптағы жаңа көпір қолданысқа берілді

Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Жаңаталап тұрғын алабында Бадам өзені үстінен өтетін көпірдің құрылысы 1974 жылы аяқталып, қолданысқа берілген еді. Арада қанша жыл өтіп көпір жаңа кейіпке енді. Жап-жаңа көпірдің ашылу салтанатына қала әкімі Ғ.Сыздықбеков қатысты.

Шымкент әкімі Тұран ауданы тұрғындарының мәселесін тыңдады

Кездесулерде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді. 

Осы RSS каналға жазылу