Super User

Super User

Түркістан облысы: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттарберу жөніндегі комиссияның шешімі шықты

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған гранттар (бұдан әрі - гранттар) 400 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде (1 476 800 теңге) халықтың әлеуметтік осал топтары қатарындағы адамдарға (атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы адамдар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар, қоныс аударушылар, қандалар, мүгедектігі бар адамдар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар) конкурстық негізде беріледі.

Шардаралық диқандар шетелге күнбағыс экспорттауды жоспарлап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында Үкіметке ауыл шаруашылығында су үнемдейтін технологияны көптеп енгізу, суды үнемдеп пайдалану мәдениетін қалыптастыру және егіс алқаптарында суды көп қажет ететін дақылдарды азайтып, мейлінше құрғақшылыққа төзімді дақылдарды көбейту жөнінде міндеттерді жүктеп отыр.

Түркістан облысында жыл соңына дейін 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр

Биыл Түркістан облысының құрылыс басқармасы әкімшісі болып табылатын ұлттық қор, республикалық және облыстық бюджет есебінен 485 нысан құрылысын жүзеге асыруға 129,9 млрд теңге бөлінді. Әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыс барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауында тұр. Жыл қорытындысымен 418 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қалған 67 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.

Осы RSS каналға жазылу