Түркістан облысында 16 мыңға гектарға жуық жерге жаңадан су үнемдеу технологиялары енгізілмек
ҚР су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, биыл Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жаңадан 22 мың гектарға орналастыру жоспарланған. Бүгінде жоспар 69 % орындалды немесе су үнемдеу технологиялары 15 591 гектарға орналастырылған. Оның ішінде, 9 563 гектарға тамшылатып, 6 028 гектарға жаңбырлатып суару технологиялары ендірілген. Аталған саладағы жұмыстар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста кезекті рет талқыланды. Жауаптыларға нақты тапсырмалар берілді.