Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман қорында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн ағаш егу туралы тапсырманы 2020 жылғы Жолдауында берген болатын. Осыған орай Түркістан облысының орман қоры аумақтарына 2021-2025 жылдары 110 мың гектарға 170 млн көшеттерін егу бойынша Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің кешенді жоспары, елді мекендерге 1,5 млн көшет егу бойынша аймақтық жоспар келісіліп, бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдары 51,6 мың гектар жерге, 78 млн түп көшет егіліп, жоспар орындалды. Қазір жұмыстар жүруде.