Super User

Super User

Түркістан: жергілікті атқарушы органдардың нашақорлыққа қарсы форумына 1000-нан астам адам қатысты

Түркістан облысының орталығында «Нашақорлыққа жол жоқ, біз өмірді таңдаймыз!» тақырыбында форум өтті. Іс-шара Түркістан облысының прокуратурасы мен облыстық полиция департаментінің бірлескен бастамасымен, облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Түркістан: ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді

ҚР Вице-премьері Тамара Дүйсенова Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, Президенттің Жолдауында жарияланған әлеуметтік бастамалардың орындалу жолдарын зерделеді. Жұмыс сапарында өңірде Жолдаудағы тапсырмаларды жүзеге асыруға қажетті жағдайлардың жасалғанын атап өтті. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды білім саласын жақсарту бағытындағы жұмыстарды баяндады.

Түркістан: қытайлық инвесторлар өңірді сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуге ниетті

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Қытай Халық Республикасының инвесторларымен кездесті. Кездесуде тараптар облыс аумағын сапалы электр қуатымен қамту жайын талқылады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірдің инвестицилық мүмкіндіктері туралы айтып, электр энергиясының қажеттілігіне тоқталды.

Келесі жылы Сарыағаш қаласының 102 шақырымдық айналма жолының құрылысы басталады

Түркістан облысында инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандар салу, жол салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен аудан, қалалардың даму жоспары жүйеленіп, тұрғындардың өтініштеріне сай істер атқарылуда. Соның бірі – Сарыағаштағы айналма жол мәселесі.

Осы RSS каналға жазылу