Super User

Super User

Түркістан: облыс әкімі «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Шэньси провинциясынан Түркістанға арнайы келген «Чанъань» инвестициялық компаниялар тобы өкілдерімен кездесті. Инвестициялық компаниялар тобының құрамында су ресурстарын басқару және ауыл шаруашылығы саласындағы ірі компаниялардың өкілдері болды. Маңызды кездесу – облыс әкімі бастаған ресми және іскерлік делегациясының Қытай еліне жұмыс сапарының жемісі.

Түркістан облысында еліміздегі ең үлкен автокөлік тоннелі пайдалануға берілді

Бүгін Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылының маңында орналасқан халықаралық маңызы бар автожол тоннелі ел игілігіге пайдадануға берілді. Салтанатты шараға ҚР Көлік вице-министрі Аблалиев Сәтжан, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Қанатбек Мәдібек, сала мамандары мен екі облыстың ақсақалдары қатысты.

Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 4 мектептің құрылысы жүруде

Сарыағаш қаласындағы Оспанов көшесі мен «Телемұнара» шағынауданында «Жайлы мектептердің» құрылысы жүргізілуде. Аудан басшысы Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстарымен танысты. Алдымен аудан басшысы Оспанов көшесінің бойындағы білім беру ордасының құрылыс жұмыстарын бақылады.

Кентау жылу электр орталығының қайта құру жұмыстары қатаң бақылауда

Кентау қаласындағы «Кентау Сервис» МКК №5 Жылу электр орталығындағы тозығы жеткен қазандықтарды қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Атқарылып жатқан жұмыстар Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының жіті бақылауына алынған. Қазіргі уақытта орталықтағы негізгі жабдықтың тозуы 85%-дан асады. Оның ішінде, 1952-1955 жылдары іске қосылған №7,8 бу қазандықтарына соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 2012 жылы жүргізілді. 1958 жылы №9,10 бу қазандары іске қосылып, соңғы күрделі жөндеу 1990 жылы жүргізілді. №11,12 бу қазандары 1958 жылы іске қосылып, соңғы күрделі жөндеу 2012 жылы жүргізілді. Талап бойынша мұндай жұмыстар 5 жыл сайын жүргізілуі тиіс.

Осы RSS каналға жазылу