Super User

Super User

ҚАЛАНЫҢ ИНФРАҚҰЛЫЛЫМЫ БАСТЫ НАЗАРДА!

Қала әкіміне энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Б.Булатбеков 6 айдағы индикаторлардың орындалуы бойынша есеп берді.

Оның берген есебіне сенсек, Шымшаһар тұрғындары сапалы ауыз суға да, электр энергиясына да жақын күндері қол жеткізеді.

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласындағы 81 елдімекеннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекендері ауыз суды кестемен тұтынады. Қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 7 нысанда құрылыс жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Олар: Құрсай 1,2 – кезек, Асар-2 екінші кезек, Нұртас ВС, Текесу е/м, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумақтары және Қайнарбұлақ е/м. Ал, Сайрам елдімекенінде құрылыс жұмысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда Құрсай елдімекенінде екі кезеңнен тұратын жобаның 80 пайыздан астам құрылыс жұмыстары аяқталып, 270 шақырым су құбыры орнатылды. Қайнарбұлақ тұрғын алабына ауыз су құбырын тарту құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Осы жылдың қорытындысымен Құрсай, Асар-2, Текесу елдімекендері мен Нұртас су жинақтағыш ғимаратының құрылыс жұмыстары аяқталады. Нәтижесінде қала тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 99%-ға жетеді. Жоспарға сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары 2023 жылы 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамтылады.

 43 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТҰРҒЫН САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Шымкент қаласын электр қуатымен қамту көрсеткішін биыл 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Бұл мақсатта 5 елдімекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын ауданында және Бозарықта 1 қосалқы станция, «Ақжар» 110 кВ қосалқы станцияларында құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі. Ал, Ынтымақтағы қосалқы станция, Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік саяжай шағын аудандарында құрылыс жүруде, келер жылы аяқталады. Нәтижесінде 2023 жылы қаланың электр қуатымен қамтылу деңгейі 100 пайыздық көрсеткішке жетеді.

Алғашқы жарты жылдықтағы жұмыстар нәтижесінде - Ақжардағы қосалқы станциясы жұмысы 97 %, Сәуле 97 %, Cолтүстік саяжай 88 %, Достық 80 %, Жаңаталап 67 %, Тұран 2-3 64%, Батыс 56 %, Нұртас 50%, Қайнарбұлақ 45 %, Бозарық 45 %, Нұрсат 33% орындалған.

 

ШЫМКЕНТ: ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы, Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданының халқы енді газдан тапшылық көрмейді.

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов жергілікті халықпен жүздесіп, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бұл кездесуге қоғам белсенділері, ауыл билері мен Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов те қатысты.

- 2021 жылдың желтоқсан айында 46,06 шақырымға газ жүйесі тартылған болатын. Көгілдір отынмен қамтуда АГРС-3 нысанының іске қосылуын күттік. Енді міне, көптен күткен жұмыс толық аяқталып, сіздерге газ беріліп жатыр. Құжаттары дайын үйлерге газ қосылды. Енді қалғандарыңыз да күз басталмай құжаттарыңызды әзірлеп үлгеріңіздер,-деді шаһар басшысы.

Жалпы Достық шағын ауданында 2686 үй, нақты 15 750 тұрғын бар. Абонемент саны: 2 625. Мердігер мекеме «ГХ Шымкентгаз» ЖШС-гі жобаны 957,838 млн. теңгеге атқарып, жұмысты мерзімінде аяқтады.

Айтпаақшы, Тассай елді мекенін де табиғи газбен қамту құрылысы жалғасуда. Мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан құрылыс жұмысы 2021 жылы басталған. Бүгінгі күнге дейін 36 шақырым газ құбыры тартылып, жұмыстардың 50 пайызға жуығы аяқталды. Ішкі орамдық газ құбырын тарту жұмысы толығымен 2022 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Айта кетейік, биыл табиғи газбен қамту бойынша 1 магистралды желі, 15 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесінде табиғи газбен қамту көрсеткіші 93%-дан, 94,7%-ға дейін көтеріледі. 2023-2025 жылдары аралығында қаланың даму жоспарына сәйкес, жартылай қамтылған 17 елді мекенде және мүлдем қамтылмаған 3 елді мекенде табиғи газ жүйелерінің құрылысы салынып, қала тұрғындары, басқада нысандар 100% табиғи газбен қамтылады. 2025 жылы мегаполис тұрғындарының 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылуы жоспарлануда. Шымкент қаласын газбен қамту көрсеткішін 2022 жылы 94,7 пайызға ұлғайту жоспарланып отыр.


 

 

ШЫМКЕНТ: СТЕНД АТУДАН 18 МЕДАЛЬ ҚОРЖЫНДА!

2022 жылдың 28 шілдесінен 8 тамызына аралығында Алматы қаласында өткен (Қазақстан) стенд атудан Х-Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Шымкент қаласының құрама командасы 18 медаль жеңіп алды, оның ішінде 7 алтын, 6 күміс және 5 қола бар.

31 шілдеден 2 тамызға дейін «трап» жаттығуында спортшылар келесі нәтижелер көрсетті:

Жеке есепте әйелдер арасында САРСЕНКУЛЬ РЫСБЕКОВА қола медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте МАКСИМ БЕДАРЕВ күміс медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте күміс жүлдені САРМАНОВА НАРГИЗА , қола медальді біздің қазақстандық ПРИЛЕПИНА АНАСТАСИЯ жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар «трап» жаттығуының чемпионы атанды.

Ересектер арасында «трап\микс» аралас жаттығуында МАРИЯ ДМИТРИЕНКО/ ВИКТОР ХАСЯНОВ күміс медальға ие болды.

Жасөспірімдер арасында «трап\микс» аралас жаттығуында АНАСТАСИЯ ПРИЛЕПИНА \ БОГДАН КОНЧЕНКО алтын медальга қол жеткізді, НИКИТА МОИСЕЕВ \ МАРИЯ МАРТИНКЕВИЧ күміс медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы қола медальға ие болды, құрамында біздің спортшылар МАРИЯ ДМИТРИЕНКО мен САРСЕНКУЛЬ РЫСБЕКОВА.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтын медаль иеленді, құрамында МАКСИМ БЕДАРЕВ / ДАНИИЛ ПОЧИВАЛОВ.

3-7 тамыз аралығында «skeet» жаттығуында спортшылар келесі нәтижелер көрсетті:

Әйелдер арасында жеке есепте алтын медальді ЗОЯ КРАВЧЕНКО жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы жеке есепте күміс жүлдені НАТАЛЬЯ ПЛАТОНОВА , қола медальді AМАЛИЯ КУДРЯВЦЕВА жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы командалық есепте Қазақстан құрамасы алтын медаль алды, құрамында спортшымыз ЗОЯ КРАВЧЕНКО.

Командалық есепте ерлер арасында қола медальға ие болдық, команда құрамында ДАВИД ПОЧИВАЛОВ.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте алтын медаль иеленді, құрамында АМАЛИЯ КУДРЯВЦЕВА/ НАТАЛЬЯ ПЛАТОНОВА.

Жасөспірімдер арасындағы командалық есепте спортшылар чемпион атанды, команда құрамында АСАДИ РАХИМ.

Жасөспірімдер арасындағы «skeet\mix» аралас жаттығуында күміс жүлдегерлері атанды, құрамында АСАДИ РАХИМ.

Естеріңізге сала кетейік, жарысқа Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Иран, Пәкістан, Қытай, Тайбэй, Сауд Арабиясы Корольдігі, Тайланд, Ливан, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Өзбекстан, Қазақстан сияқты азиялық контингенттен әлемнің 300-ден астам мықты спортшылары қатысты.

 

ШЫМКЕНТ: 250-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті бірыңғай қабылдауын өткізді. Қабылдауға 250-ден аса азамат келді.

Қала әкімінің кезекті тамыз айындағыхалықпен кездесуі өтті. Оған 250-ден аса шымкеттік қатысты. Соның 170-ке жуығы қала әкіміне өтініштерін білдірсе, қалғаны басқарма мен аудан әкімдіктері деңгейінде қаралды. Тұрғындар негізінен тұрғын үй, әлеуметтік сала және инфрақұрылым мәселелері, заңсыз құрылыс жөніндегі талап-тілектерін жеткізді.

«Түркістан» сарайында өткен біріңғай қабылдауда шахар басшысымен қатар қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары, прокуратура мен полиция департаментінің өкілдері, аумақтық департамент басшылары да тұрғындардың жеке мәселесін тыңдады.

Жер телімін заңдастыру, тұрғын үй беру туралы өтініштер тек заңға сәйкес шешілетінін айтылып, мемлекеттік қордан пәтерлер кезек арқылы арнайы электронды жүйеде жүзеге асатыны түсіндірілді.  Келушілер арасында әлеуметтік дүкен ашу, қонақ үймен қатар емхана салуға инвестор болу, суреттерінің жобасымен таныстыру, Бас жоспарға қатысты өзгерістер ендіру, қаланың өркендеуіне қатысты идеяларымен бөлісіп келгендер де болды.  М.Әйтенов әрбір азаматтың өтінішін тыңдап, қала тіршілігіне бейжай қарамайтын белсенді тұрғындарға алғысын білдірді. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, биылғы жылдан бастап Президент Жарлығына сәйкес әкімдердің халықпен кездесуі жаңа форматқа көшті. Осыған сәйкес қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. Осы ретте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 2022 жылдың I жарты жылдығында тұрғын алаптар мен шағын аудандарды аралап, 84 кездесу өткізді. Тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түсіп, оның 374-і орындалды, 316-ы жыл соңына дейін орындалуы жоспарда. Ал, 184 мәселе ұзақ-мерзімді қажет ететіндіктен 2023-2025 жылдардың жоспарына енгізілген. Сонымен қатар, әрбір ауданнан қоғамдық бақылау кеңестері құрылып, әр сенбі сайын тапсырмалардың орындалуы талқыланып келді. Олар бекітілген аумақта қандай жұмыстардың, қашан атқарылатыны туралы тұрғындарды ақпараттандыруда.

Осы RSS каналға жазылу