Super User

Super User

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан ҚПБ-ның қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, патрульдік полицей Нұрлан Күзжанов қызмет атқару кезінде, сағат 16:00 шамасында қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан «Тойота Камри» маркалы көлікті тоқтатты. Содан соң жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның мас күйіне күмәнданып, медициналық сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес автокөлік жүргізушісінің мас күйі расталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтқа байланысты күдікті азаматты қамауға алып, ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Сонымен қатар заңды шешім қабылдау үшін, жинақталған іс құжаттар Түркістан қалалық мамандандырылған сотына жолданды. Сот аталған жүргізушіні кінәлі деп танып, 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айыруға үкім етті.

Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және мас халде көлік тізгіндемеуге шақырады.

Қазғұрт:4 000 000 тенгеден астам шығын келтірген...

 4 000 000 теңгеден астам шығын келтірген бақташы анықталды.

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын шағымданды. Ер адамның айтуынша, ол 7 бас сиыры мен 6 бас жылқысын өзінің бақташысына сеніп тапсырған. Алайда, сеніп тапсырған мүлкінің жоқ екендігін айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлерінен көмек сұраған.

Жәбірленушіге келген шығын көлемі 4 000 000 теңгеден астам. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысты толық анықтау үшін бірден іске кірісті. Олардың жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол бұрын да сотты болған жергілікті тұрғын болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті ер адамның 2 жылдан бері жәбірленушінің бақташысы болып жұмыс істегені белгілі болды. Ол сеніп тапсырған 10-нан астам сиыр мен жылқыны сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға мүлкіңізді бақташыға сеніп тапсырардан бұрын, оның сенімді адам екендігіне толық көз жеткізуге кеңес береді. Сонымен қатар малдарыңызды таңбалап, үш жақты келісім шарт жасауды еске салады.

 

Түркістанда көршісінің темірден жасалған құрылысқа қажетті заттарын жымқырған ер азамат ұсталды

Кентау ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйінің ауласына түнгі уақытта белгісіз біреулер кіріп, темірден жасалған құрылысқа қажетті заттарды жымқырып кеткен. Аталған жайтты полицейлер ҚК 188-бабы «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығымен тіркеді.

Орын алған қылмысты ашып, күдіктіні анықтау мақсатында полицейлер жедел іске кірісті. Осы аумаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторлары көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлер үзіліссіз барлық темір қабылдайтын орындарды қарап шықты. Осылайша сақшылар күдіктінің ізіне түсті. Оның жеке басы анықталып, ұсталды. Күдікті ер азамат жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне заңсыз кіріп темірлерді жымқырған. Бүгінде ұрланған темірлер айғақты зат ретінде алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ТҮРКІСТАН: ӘЙЕЛ-ҚЫЗДАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДІН САУАТ АШУ КУРСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Түркістан облысы, Түркістан қалалық орталық "Яссы" мешітінде, Түркістан қаласының бас имамы Мұхамеджан Ергешбайұлы Әйел-қыздар секторының ұйымдастырумен өткен жазғы діни сауат ашу курсының тәлімгерлерін білімін тәмамдағаны жайлы арнайы сертификатпен марапаттады.

Аталмыш Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Өскенбаева Қарагөз ұстаздың ұйымдастырумен жаз айларында өткен діни сауат ашу курсына белсенді қатысып, Құран оқып үйрену, иман негіздері сияқты білімін қалыптастырған бірқатар әпке-қарындастарымызға арнап, курстан сәтті өткеніне орай құттықтау қағаздары тағайындалды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласының бас имамы құттықтауынан соң курс бітірушілеріне арнайы сертификат пен сыйлықтар табысталды.

 

Осы RSS каналға жазылу