Түркістандық ардагерлер Мақтааралға 1 млн теңгенің көмегін жеткізді

Түркістан қалалық ардагерлер ұйымы қайырымды іс жасады. Ардагерлер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, оның орынбасары Пернетай Досыбеков, «Бітімгер» медитаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев бастаған топ Мақтаарал ауданына гуманитарлық көмек көрсетуге аттанды.

Түркістан облысында коммуналдық қызметтерді өтеуге өтінім беруге арналған бот іске қосылды

ҚР Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан облысында коммуналдық қызметтер үшін төлемдер өтелетін болады. Төлемдерді өтеу келесі санаттарға жататын азаматтарда немесе онымен бірге тұратын оның отбасы мүшелерінде коммуналдық қызметтердің дербес шоттары болған жағдайда, карантин енгізілген аумақтағы елді мекендерде жүзеге асырады.

Шымкент: 277 556 азаматқа әлеуметтік көмек тағайындалды

2020 жылғы 2 мамыр сағат 9:00-дегі мәлімет бойынша, Шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлемді алу үшін арнайы портал, сайттардан 534 493 адамнан өтініш түскен. Бұл туралы Шымкент қаласы төтенше жағдай жөніндегі штабы хабарлайды.

Түркістан: Су шайған көпірлер 1 тәулікте қалпына келтірілді

Төтенше жағдай жарияланған Төлеби ауылындағы Қасқасу елді мекенінде орналасқан 2 көпірді толық су шайып кеткен, 1 көпірге зақым келген. Жергілікті маңызы бар тағы бір көпірді су шайған. 4 көпірді толық ретке келтіру жұмыстары тынымсыз жүргізілуде.

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Сайрамдағы 10 отбасына қамқорлық көрсетті

Түркістан облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері қолға алған «Біз біргеміз» акциясы өз жалғасын табуда. Бүгін аталған акция сансыз бабтар мекені Сайрам ауданында жалғасып, 10 отбасын қуанышқа кенелтті.