Мақтаарал: Ақтөбеден 27 газельде көмек келді
Мамыр айының басында еліміздің Өзбекстанмен шекаралас соңғы нүктесі – Мақтаарал ауданын су басты. Көршілес Өзбекстан республикасы Сырдария облысындағы «Сардоба» су қоймасы бұзылып мақталы өлкенің біраз елді мекендерін су басты. Мақтааралдағы апатты жағдайдан баспаналары зардап шеккен ауыл тұрғындары көршілес Жетісай ауданына уақытша эвакуацияланып, N8 жалпы орта мектебіне жайғастырылды.