Мақтааралдағы құрылыс жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылуда

Мақтаарал ауданында тасқын судан зардап шеккен азаматтарға арнап салынатын тұрғын үйлердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Қазірдің өзінде Мырзакенттің шығыс бетіндегі 50 гектар аймақта 40-тан астам құрылыс компаниясы келіп, үйлердің іргетасын қалау жұмыстарына кірісіп кеткен.

Түркістан: Тасқын су басқан ауыл тұрғындарына 96 тонна азық-түлік таратылды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы азық-түлік қоймасына бүгінге дейін 408  тонна гуманитарлық көмек келіп түскен. Оның 96 тоннасы эвакуациялық бекеттердегі азаматтарға, жекелеген туыстарының үйінде жатқан тұрғындарға үлестіріліп берілді. 

"BAL-TEKSTIL" кілем фабрикасы Мақтааралға жалпы құны 6 млн теңгелік кілеп алып келді

   

Тасқын судан зардап шеккен Мақтаарал ауданына көмек қолын созудан Шымкенттегі  "Bal-Tekstil" кілем фабрикасы да шет қалған жоқ. Бүгін Атакент ауылындағы облыстық штаб қоймасына жалпы сомасы 6 млн теңгелік 404 кілем келіп жетті.

Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі мақтааралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді

 

Мақтаралдағы жағдай қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін, қиын қыстау кезеңде бір қолдың саласындай біріге алатындығын тағы бір дәлелдеді. Белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмек   жеткізді.  Көмек керуенінің жалпы құны - 9 млн 862 мың теңге.