Шымкент: 107 отбасыға жаңа баспананың кілті табысталды
Шымкентте 107 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялады.
Шымкентте 107 отбасы баспаналы болды. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Instagram» әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жариялады.
Сайрам ауданының әкімі Уласбек Садибеков ауылдық округтерінің орталық көшелерін аралап, жол бойындағы кәсіпкерлік нысандардың қасбетін ретке келтіру жұмыстарымен танысты. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты Келес ауданы әкімдігі тарапынан штаб құрылып, штабқа аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімшесінің басшысы Сәкен Жолдыбаев басшылық жасауда.
Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан сарыағаштық майдангер Бегмат Сүлейменов туралы туыстары 75 жылдан кейін білген. Ресейлік «Халық естелігі» жобасы аясында 15 млн жуық құжат жария болып, онда майданда мерт болған сарбаздар туралы мәліметтер жарық көрген.
Кешегі қанқұйлы соғыста майдангер ата-апаларымыз жауларымен қасық қаны қалғанша шайқасса, елде қалған кемпір-шал мен бала-шаға да күндіз-түні тынбай еңбектеніп, жеңіс күнін жақындатуға ерлерше үлес қосты.
Мақтааралдағы ағайынға Шардара ауданының имамдарының ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары, кәсіпкерлер, 1968, 1991 жылдың тумалары жиылып қыруар қаржы қайырымдылық жасады. 4 газель, 1 хюндай көлігімен азық-түлік, киім-кешек, гигиеналық заттар жеткізілді.
Арыс қаласы, Дермене ауылдық округ тұрғындары Мақтаарал ауданындағы тасқын судан жапа шеккен елді-мекен тұрғындарының жағдайын ести сала еріктілер, кәсіпкерлер мен ауыл халқы бірлесе отырып, көмек қолын созуға асықты,-деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Осынау қиын қыстау сәтте мақтааралдықтарға көмек қолын созу мақсатында еліміздің түкпір түкпірінен азаматтар келуде.Осы мақсатта Арыс қаласында орналасқан №16752 әскери бөлімінің қызметкерлері Мақтаарал ауданының су басқан аймақтарына барып, тұрғындарға көмектесіп, олардың алғысына бөленуде.