Арыстық әскерилер мақтаралдықтарға көмек көрсетуде

Осынау қиын қыстау сәтте мақтааралдықтарға көмек қолын созу мақсатында еліміздің түкпір түкпірінен азаматтар келуде.Осы мақсатта Арыс қаласында орналасқан №16752 әскери бөлімінің қызметкерлері Мақтаарал ауданының су басқан аймақтарына барып, тұрғындарға көмектесіп, олардың алғысына бөленуде.

 

 

 

Отырарлық полицейлер өзгелерге үлгі көрсетті

Отырарлық құқыққорғаушылар әркез аудандағы қоғамдық шаралардың басынан табылып жүр. Полиция полковнигі Бақыт Мыңжасаров басқаратын ұжымның 50 қызметкері ерікті түрде Донор күнінде қан тапсырып, өзгелерге үлгі көрсеткен болатын.

Мақтааралдағы егін-мал шығындары толық өтеледі

Мақтаарал ауданында жалпы көлемі - 7639 гектар ауыл шаруашылығы жерлері зақымданған. Ал мал шығыны 297-ні құрады. Барлық шығындар есептеліп, Үкіметке ұсынылды. Алдағы уақытта өтемақы жасалатын болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте облыстық Ауышл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлімдеді.

Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен азаматтарға 500 ерікті жәрдемдесуде

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов және «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Мақтаарал ауданында жұмыс істеп жүрген еріктілермен кездесті. Олар басқосуда волотерлардың жұмыстарымен танысып, алдағы уақытта атқарылатын шаруаларды түсіндірді.

Түркістандық бір топ журналист Мақтаарал ауданында болып, қайырымдылық шарасына ұйытқы болды

Тасқын судан зардап шеккен  Мақтаарал  ауданының тұрғындарына көмек беру ісінен Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы журналисттер қауымы да шет қалған жоқ. Бір топ БАҚ өкілі ең алдымен Мақтаарал ауданы Ізгілік ауылы Т.Әубәкіров атындағы орта мектебінде орналасқан Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесіп, олардың қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты.

Түркістандық депутаттар 11 млн. теңгеге гуманитарлық көмек көрсетті

Түркістан облысының бір топ депутаты "Nur Otan" партиясының республикалық "Біз біргеміз" акциясы аясында Мақтаарал ауданына жалпы құны 11 млн теңгені құрайтын 11 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек әкелді.  Оның ішінде азық-түлік, көрпе-төсек, киім кешек, гигиеналық заттар мен 2 тонна балық еті де  бар.