Түркістан: Жетісайлық жастар елге миллиондық көмек беруде

Елдің басына түскен нәубетті сезіне білген ауданның жомарт жүректі азаматтары мен кәсіпкерлері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып елге қолұшын созуда. Сондай ілкімді істердің бастамашысы бола білген Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері және ауданның ерікті жастарымен біргелікте көпшілікке үлгі боларлық өнеге көрсетуде.

Түркістан: Мақтааралда кәсіпкер 5 мың медициналық бетпердені тегін таратты

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында "Азала текстиль" фабрикасы мен "Мырзакент" мақта өңдеу зауытына иелік ететін "Мырзакент-Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жамалов Бауыржан Салдарұлы 5 мың медициналық бетпердені тегін таратып, 14 отбасыға азық-түлік үлестірді.

Түркістан: Жетісайлық кәсіпкер облыс тұрғындарына 120 тонна қырыққабат тегін таратты

Жаны жомарт жандардың құт мекені саналатын диқаншылардың мекені – Жетісай ауданының кәсіпкерлері тағы да бір сауапты іс жасады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына қолұшын созуды мақсат еткен жеке кәсіпкер Көбейбек Алиев биылғы егістігінің бірінші өнімін толығымен қайырымдылыққа арнап отыр.

Түркістан облысында карантин кезінде 6 мың волонтер көмек көрсетуде

Түркістан облысында 6 мың азамат волонтерлік жұмыстарға жұмылдырылды. Өңірде жастардың қолғабыс етуімен 92 мыңнан астам тұрғынға көмек көрсетіліп, 4300 азық-түлік себеті мен 73 мыңнан астам медициналық бетперде таратылған.

Түркістан: Төлеби ауданында әлеуметтік төлемдер тұрғындардың үйіне жеткізіліп беруде

Түркістан облысында зейнетақы мен 42500 теңгелік әлеуметтік көмекті тұрғындардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстары жалғасуда. Ондағы мақсат - коронавирус індетінің алдын алып, кең етек жайып,таралып кетпеуіне тосқауыл қою.

Түркістан қаласында Халықаралық әуежайдың құрылысы қарқынды жүруде

Түркістан қаласында халықаралық әуежай салу мақсатында облыс орталығынан 35 шақырым қашықтағы Кентау қаласына қарасты, Шаға елдімекенінің маңынан орын белгіленген болатын. «Turkistan International Airport» ЖШС инвесторы әуежайдың құрылысын жүргізуде. Мердігер мекеме – түркиялық «YDA Group» компаниясы.