Шымкент: коммуналдық қызметтер үшін тұрғындардың қарызы қанша?

Коммуналдық қызметтер үшін Шымкент қаласы тұрғындарының өтемақы қарызы 1 718 914 теңгені құрайды. Бұл қатардағы басым көпшілігінде табиғи газға берешегі бар, нақты айтқанда, 1 167 115 теңге көлемінде қарызын өтеуі тиіс. Ал ең аз көрсеткіш ретінде энергия қызметі үшін 11 630 теңге төлемек. Бұдан бөлек су бұру қызметтеріне 77 мың теңге, сумен жабдықтауға – 231 924 теңге, жылу қызметі үшін 230 937 теңге көлемінде өтемақы алынбақ.Бұл жөнінде қала әкімдігінің мәжілісінде мәлім болды. 

Шымкентте «Таза қала» акциясының жеңімпаздары марапатталды

Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Таза қала» акциясына дайындығын қарқынды жүргізуде. Атап айтсақ, «Таза қала» акциясына дайындық барыстарын аудан әкімі аппараты қызметкерлері байқауға қатысушы үй, көшелерді әр 15 күн сайын аралап, дайындық жұмыстарын күшейтуде.

Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді

Қалыптасқан дəстүр бойынша Шымкент қаласы Қаратау ауданы əкімінің аппараты жыл сайын оқу жылы басталар алдын мүгедек балалар, жетім балалар мен көпбалалы отбасы балаларына арналған акция өткізеді. Аталған акция биыл да өз жалғасын тауып отыр.

Шымкентте жол бойындағы тозығы жеткен шамдар ауыстырылуда

Шымкент қаласында тозығы жеткен, ақауы бар шамдар мен сынған шыны әйнектер ауыстырылып жатыр. Бұл бойынша шағымдар азаматтардан Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырған «Біздің жұмысымызға шағым жасаңыз» акциясы аясында келіп түскен.

Шымкентте қалалық төтенше жағдай бойынша комиссияның отырысы болып өтті

Шымкент қаласындағы Қазанғап ақын көшесіндегі үйдегі 8 пəтердің төртеуіндегі қабырғада ені 10 см жарық пайда болған. Қазіргі таңға дейін бұл пəтерлерде 11 адам тұрып келген екен. Осыған орай үйге тиісті сала мамандары зерттеу жасаған. Тексерудің қорытындысы Шымкент қаласы əкімінің орынбасары Н.Ергешбектің төрағалығымен өткен төтенше жағдай бойынша қалалық комиссияның шұғыл отырысында талқыланды.

Шымкент қаласындағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құралдары орнатылып жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерге жылу энергиясын үнемдеу мақсатында жылу есептегіш құралдарының тиімділігі жөнінде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Шымкенттегі отын базалары көмір қабылдай бастады

Шымкентте қысқа дайындық басталып кетті. Қазірдің өзінде қаладағы отын базаларының бірі көмір қабылдауды бастады. Күн сайын мұнда 3-5 вагон қатты отын қабылдауда. Көмірдің бағасы сапасына қарай 9,5 мың тегеден 14600 теңгеге дейін сатылуда.

Шымкентте «Харекет» қайрымдылық қоры үшінші баспананы табыстады

Үй 11 баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты анаға берілді. Мұқтаж жандар 20 жылдар бері қалада әркімнің босағасын паналап келген. Күтпеген жерден мол қуанышқа кенелген Асанбаевтар отбасы жомарт жандарға шексіз алғыс айтуда.