Түркістан облысы: Шардарада кәріз жүйесінің қосымша құрылысы жүргізілуде
Шардара қаласында өнімділігі тәулігіне 2 мың текше метрді құрайтын қосымша канализаиялық тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.
Шардара қаласында өнімділігі тәулігіне 2 мың текше метрді құрайтын қосымша канализаиялық тазалау ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.
Арыс қаласында құрылыс жұмыстары тәулік бойына жалғасу үстінде. Бүгінгі таңда зақымданған және жарамсыз деп танылған 7611 үйдің 4641-інде жөндеу жұмыстары өз уақытымен жүріп жатыр. Оның орындалуы 60,05 пайызға жеткен. Ал біткен үйлер саны 2680, яғни 35,41 пайызды құрайды. Жалпы 17 сектордағы әр облыс өздеріне берілген мерзімде қолға алынған шаруаны аяқтауға жақындап қалған.
Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу, тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріп жатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты.
Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов Арыс қаласына арнайы келді. Ол Жамбыл облысы жауапты болып бекітілген 3-сектордағы қаланы қалпына келтіру барысын көзбен көріп, 11 көшенің белсенді тұрғындармен кездесті. Асқар Исабекұлы штаб мүшелері мен жұмысшыларға жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқару керектігін айтты.
Бүгін Арыс қаласының аумағында санитарлық тазалау бойынша жалпы қалалық сенбілік өтті. Қала әкімінің бастамасымен өткен шарада 940 адам қатысып, 26 шақырым аумақ тазартылды. Таза қаланың тынысы кең деп ұрандатқандар 92 тонна күл - қоқысты қала сыртына шығарды.
Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінің орталық алаңын заман талабына сай көрікті етіп жасау үшін құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өтетін алаң алдағы уақытта аудан тұрғындарының ең сүйікті демалыс орнындарының біріне айналмақ.
Түркістан облысы, Шардара қаласындағы «Әбу Мансур әл-Матруди» мешітінде дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен шешендік өнерді меңгеру жайында жиын болып өтті.
Бір айдан бері Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар атқарылу үстінде. Құрылыспен және тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетумен бірге қаланың жылу, су, электр сынды маңызды мәселелері бойынша да бірқатар істер қолға алынған. Төтенше жағдайдан кейін ең алдымен әкімдік тарапынан су және электр жүйелерін қалыпты жұмыс режиміне көшірілді.
Жарылыс кезінде магистралды су құбырларында 4 авариялық жағдай туындап, ол қалпына келтірілді. Жалпы 30 шақырымды құрайтын магистралды су құбырының зақымдалған 7 шақырымын жөндеу мақсатында жобалық-сметалық құжатқа қаржы қарастырылып, жұмыстар басталды.
Қаладағы кәріз жүйесі де реттеліп, ақаулардың 80 пайызы қалпына келді. Бір сусорғы қондырғысы ауыстырылды. Төтенше жағдай болған күннен бастап зақым келген 10 электр желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толығымен қалпына келтірілген.
Арыста 4 жылу қазандығы бар. 30 көпқабатты тұрғын үй мен 11 әлеуметтік нысанды жылытатын жылу жүйелерінің ұзындығы – 13 шақырым. Төтенше жағдай кезінде 2 снаряд жарылып, жылу қазандығы ғимараты зақымдалған. Ақау актісі мен жобалық сметасы дайындалып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. Ғимараттың есік-терезелері ауыстырылып, қабырғалары жөнделді.
Жалпы Арыстағы инфрақұрылым да толық зерттеліп, жөндеу және жаңарту жұмыстары жалғасады деген жоспар бар.
«AQ-QARA.kz»-ақпарат.