Жұма, 22 Сәуір 2022 13:40

Қазақстанның үш аймағының әкімдіктері қажетті деректерді толық жарияламайды

Еліміздің үш облысының әкімдіктері қажетті деректерді толық көлемде жарияламай отыр.

Жергілікті атқарушы органдар Үкімет бекіткен деректер тізбесін «Электрондық үкіметтің» веб-порталында орналастыруға міндетті, деп хабарлады ҚазАқпарат Ranking сайтына сілтеме жасап.

Осы жылдың 19 сәуіріндегі жағдай бойынша барлық жергілікті атқарушы органдар сайтта бекітілген деректердің толық тізбесін жариялады. Алайда, Түркістан облысы бекітілген ашық деректердің - 88,7%-ын ғана, Атырау облысы - 67,7% -ын, Маңғыстау облысы 62,9%-ын жариялаған. Тиісінше, аталған өңірлердің әкімдіктері деректерді жариялауда «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 9 және 17-баптарында көзделген өз міндеттемелерін орындаған жоқ.

Бұл ретте жұртшылыққа деректердің болуы ғана емес, өзектілігі де маңызды.

Жарияланғандардың ішінен бекітілген деректер тізімінде ең өзекті ақпаратты еліміздің 17 аймағының 10-ы ғана ұсынған.

 «AQ-QARA.KZ-ақпарат»

 

Оқылды 4035 рет