Түркістан қаласында «Күлтегін», «Алты Алаш», «Мәңгілік Ел» көшелері пайда болады

Түркістан қаласында Түркістан облысы Қоғамдық Кеңесінің отырысы өтті. Жиынның күн тәртібінде 7 мәселе талқыланды. Бірінші мәселе бойынша облыс әкімі Жансейіт Түймебаев баяндама жасап, Түркістан қаласының дамуы туралы сөз қозғады.

Түркістан облысында «Таңғажайып Түркістан» байқауы басталды

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың студенттерімен кездесу өткізген Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейcенбай Тәжібаев «Таңғажайып Түркістан» байқауға қатысуға шақырды. Байқаудың мақсаты — Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасын жүзеге асыру және туған жердің туристік әлеуетін көтеріп, тарихын насихаттау болып табылады.

Түркістан облысының жаңа гербіне байқау жарияланды

Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының ұйымдастыруымен өңірдің жаңа гербіне үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды. Түркістан облысының гербіне үздік эскиздік ұсыныстар 2018 жылдың 3 қазан күні сағат 16:00-де қаралады.

Түркістанда жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілетуге арналған аймақтық семинар-тренинг өтуде

Түркістан облысында «Қазақстан өңірлерінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру» тақырыбында аймақтық үш күндік семинар басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шараға Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Түркістан облыстары және Алматы, Шымкент қалаларының ішкі саясат, дін істері, тілдерді дамыту, жастар саясаты басқармаларының, ҚХА хатшылықтары мен «Қоғамдық келісім» мекемелерінің мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Түркістан облысы: басқарма басшысы тағайындалды

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы лауазымына Серік Ордабекұлы Тұрбеков тағайындалды. Басқарма ұжымына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нукенов Қайрат Теміршотұлы таныстырды. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды

Бүгін Түркістан қаласында Түркістан облысы мен Шымкент қаласы əкімдіктерінің арасында меморандум жасалды. Меморандумға қол қойған Түркістан облысының əкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бір-бірін қолдап, бірге дамитынын айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап. 

Іскер азаматтар Түркістанды түлетуде аянып қалмайды

Бүгін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев облыстық, аудандық, қалалық мәслихат депутаттарымен және іскер азаматтармен кездесіп, облыс орталығы – Түркістан қаласын дамытуға жасалған жобалардың барысымен таныстырды. Өңір басшысы Елбасының Түркістанды түлетуге аса назар аударып, оған республикалық бюджеттен бөлек еліміздің өзге өңірлерін, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдерін атсалысуға шақырғанын атап өтті. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» хабарлайды «ontustik.gov.kz-ке» сілтеме жасап.