Түркістандық жастар Президенттік кадр резервінің шешуші кезеңінде бақ сынап жатыр

Түркістандық 6 жас Президенттік кадр резервінің шешуші кезеңдеріне өткен. Атап айтсақ, резервке алынған жастарға алдағы 5 жыл ішінде мемлекеттік ең жоғары басқарушылық министр және олардың орынбасарлары, жауапты хатшы, облыс әкімі мен орынбасарлары, аппарат басшылары, комитет төрағалары, ұлттық компания мен холдинг төрағалары және мүшелері, сонымен қатар аудан, қала әкімі лауазымдары ұсынылады.

Түркістан облысы: "Turkistan media talks: БАҚ және трансформация" семинар-тимбилдинг өтті

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Turkistan media talks: БАҚ және трансформация" тақырыбында семинар-тимбилдинг өтті. Шара өңір журналистерінің біліктілігін көтеріп, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің халықпен және БАҚ өкілдерімен кері байланысын нығайтуды мақсат етті. Табиғат аясында өткен тимбилдингке облыстың аудан, қалаларының ішкі саясат бөлімі басшылары, жастар ресурстық орталығының директорлары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты. 

Түркістан облысы: «Достық керуені» Мақтааралға келді

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында ұлтаралық татулық пен ынтымақты сақтауға арналған жиын болып өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен өңірдегі ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық татулықты насихаттауға бағытталған «Достық керуені» тақырыбында жиын болып өтті.

Түркістанда Парламент комитетінің көшпелі отырысы өтті

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысы өтті. Онда елдің аумақтық-кеңістікті дамуының болжамды схемасын әзірлеу мен іске асыру, сондай-ақ индустрияландыру және жаңа технологияларды енгізу аясында ядролық өнеркәсіп саласындағы заманауи технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.

Мақтаарал ауданына мемлекеттік инспектор жұмыс сапарымен келді

Мақтаарал ауданына Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы С.С. Қожаниязов жұмыс сапарымен келіп, былтыр ғана жаңадан құрылған ауданның тыныс-тіршілігімен танысты. Ең алдымен мемлекеттік инспектор Мақтаарал ауылдық округі, Өркениет елді мекеніндегі "Әліби" шаруа қожалығындағы мақта терім науқанының куәсі болды.

Түркістан облысы: Келес ауданының Әдеп жөніндегі уәкілі азаматтарды қабылдайды

Келес ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы Әдеп жөніндегі уәкілі Оразбеков Талғат Бегалыұлы 2019 жылғы 12 желтоқсан күні сағат 15.00-де аудан әкімі аппараты ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. 

Түркістан облысы: Келес ауданында облыстық Әдеп жөніндегі уәкіл азаматтарды қабылдайды

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Мұхиденұлы Әлішев 2019 жылғы 19 желтоқсан күні сағат 15.00-де Келес ауданы әкімі аппаратының ғимаратында (Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі, №89) мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау өткізеді. Бұл туралы Келес ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі хабарлады. 

Түркістан: Жетісай қаласында жұмыссыздықпен күрес күшейген

Түркістан облысы, Жетісай қаласында өткен 9 айдың қорытындысы бойынша экономикалық белсенді халық саны артқан. Жетісай қаласында 2019 жылы инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамту ісі бойынша 152 нысанға жергілікті жұмыссыздар тартылған болса, 2 азаматқа жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша 15,8 млн теңге несие берілген.