Түркістан: Биыл мақтааралдықтар 38,2 мың гектар жерге ақ алтын егеді
Мақтаарал ауданында 61 мың гектарға жуық егістік жер бар. Биыл 51602 гектар жерге қысқы сор шаю жұмыстары жүріп, мақтааралдық диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастауға сақадай сай тұр. Ол үшін мемлекет тарапынан жеңілдетілген бағада наурыз айына 1160 тонна, сәуір айына 1190 тонна, мамыр айына 715 тонна жанар жағармай бөлінген.