Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі Бөржар ауылдық округі басшысының есебін тыңдады

Бөржар ауыл округінде 2019 жылдың 6 айында 3 гектарға жылыжай орналасып, мал бордақылайтын 4 алаң жұмысын бастаған. Жанұялық үш сүт қабылдау бекеті іске қосылып, тұрғындарға қызмет көрсетуде. 126 азамат нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан. 139 азамат бос жұмыс орындарына орналасып, 10 азамат ақылы қоғамдық жұмысқа тартылған. 

Түркістан облысы: Төлеби ауданындағы аппараттық мәжілісте 7 айдағы жұмыс таразыланды

Бүгін аудан әкімдігінің конференц залында Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен кезекті аппарат жиыны өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, қала, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты. 

Түркістан облысы: Арыстағы үш сектордағы құрылыс толық аяқталды

Арыс қаласындағы зақымданған 7613 үйдің 7166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үй қайта салынып жатыр. Қазіргі таңда 7000 үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалған үйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланып отыр. 

Түркістан облысы: Мақтаарал ауданы білім ошақтарының оқу жылына дайындығы пысықталды

Күні кеше өткен аудан әкімдігінің аппарат мәжілісінде аудандық білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев аудандағы білім ошақтарының 2019-2020 оқу жылына дайындық барысы туралы баяндама жасады. 

Түркістан қаласында спорт саңлақтары марапатталды

Тамыздың үшінші жексенбісі – елімізде спорт күні мерекесі. Кәсіби мерекені өңіріміздің спортшылары да лайықты деңгейде атап өтті. Онда дүбірлі додаларда ел намысын қорғап жүрген саңлақтар мен жаттықтырушыларға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар футболдан жасөспірімдер арасындағы жарыстың жеңімпаздары анықталды. 

Түркістан: мақтааралдық диқандар өнімдерін шетелге экспорттауда

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында  60926,3 гектар егістік жер бар. Биыл 38185 гектар жерге мақта, 1827,6 гектарға ерте егілетін көкөніс, 54,2 гектарға картоп, 2003 гектарға жаңа жоңышқа, 1689 гектарға ескі жоңышқа, 3178 гектарға дәндік жүгері, 500 гектарға сүрлемдік жүгері, 1615 гектарға күріш, 152 гектарға маш, 47,4 гектарға бидай, 11502 гектарға бақша, 90,2 гектарға жеміс-жидек егілген.

Түркістан облысының туристік әлеуеті Өзбекстанда таныстырылды

Түркістан облысының әкімдігі Өзбекстан Републикасының туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитетінің қолдауымен Ташкент және Бұқара қалаларында Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Road show ұйымдастырылды.

Отырарлық кәсіпкер мемлекеттік бағдарламаның арқасында тігін шеберханасын ашқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту». Игілікті жоба Отырар ауданында сәтті жүзеге асуда. Өткен жылдың өзінде аталған бағдарлама аясында145 азамат шағын несие алып, кәсібін дөңгелетіп әкетті.