Түркістан: денсаулық нысандарының құрылысын кешіктірген мердігерлерге айыппұл салынатын болады
Түркістанда өңірінде «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы аясына 49 медициналық санитарлық алғашқы көмек нысандарының құрылысы енгізілген. Осы бағыттағы жұмыстарды пысықтау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен жиын өтті. Онда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысы талқыланды.