Super User

Super User

Жауапты міндетті тыңғылықты атқара білетін Асқат

Қазіргі таңда сервистік полицияны жүзеге асыруға көп көңіл бөлініп, нақты жоспарлармен тыңғылықты жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі. Міне осы тұрғыда учаскелік полиция инспекторларына көп міндет жүктеліп отыр. Ал мұндай жауапты міндетте белсенді қимылдап, қазақ полициясының беделін көтеріп жүрген қызметкерлер  баршылық. Солардың бірі  учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Асқат Асқаров. Болашақ сақшы  қазақ полициясы алғаш құрылған жылы Түркістан облысы Мақтаарал ауданында дүниеге келді. Отбасында ешкім құқық қорғау саласында қызмет етпесе де, ол жастайынан өз алдына оңаша қиялдап, полицейді болуды армандайтын. Қазақ полициясымен бірге тәй-тәйлап өскен Асқат мектеп бітірген соң, ешқайда алаңдамай заңгер мамандығын ойдағыдай бітіріп шықты.   Содан  2011 жылы Астана күзет қызметінде 1 жыл тәжірибе жинап, туған жеріне Мақтаарал АПБ-ға криминалист болып қызметке орналасты.  Ал 2013 жылы учаскелік полиция инспекторы лауазымына  тағайындалып, 9 жылдан бері осы қызметте аянбай еңбек етіп жүр.

 -Учаскелік полиция инспекторына тағайындалған соң бұл лауазымға қызығушылығым еселене түсті. Күнделікті қылмысты болдырмау, құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтарға дер кезінде көмек көрсету сынды қарбалас жұмыста үнемі сергек жүресің. Уақыттың қалай өтіп кеткенін білмейде қаласың. Бізге негізгі артылатын міндет қылмысты болдырмау , яғни қандай жағдай болмасын кез-келген тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалардың дер кезінде алдын-алып, қылмысқа дейін жеткізбеу. Қазіргі таңда сервистік моделмен жұмыс істеуге дағдыланып жүрміз. Тұрғындармен сыпайы қарым-қатынас, көмекке мұқтаж адамдарға жылдам әрекет етіп, көмек қолын созу. Жалпы  тұрғындарға біз халықтың қорғаны екенімізді ұғындырып, сеніміне ие болу және сол сенімдеріне селкеу түсірмеу.  Менің отбасым да құқық қорғау саласына қызығушылық танытқан менен басқа ешкім жоқ. Бірақ өз жолымды, өз болашағымды осы саламен тікелей байланысты екенін түсіндім де, көп уақытымды жұмысқа арнадым. Қазірде солай күн, түн демей қоғамдық тәртіпті сақтауға, азаматттардың жайлы қоғамда емін-еркін өмір сүруіне ықпал жасауға тырысып жүрмін.

Полиция капитаны  30 жыл уақыт ішінде атқамінер 2 ізбасары мен кесте тігер 1 бүлдіршінін ақылды қылып тәрбиелеп, өнегелі әке атанып отыр. Қызметі де аудан тұрғындарымен үнемі  қарым-қатынас жасап отыру  болғандықтан, кез-келген адаммен тез тіл табысып, қашанда ақкөңіл қасиетінен  айныған емес. Әріптестеріде оның қандай білікті де талапты қызметкер және  Отанына берген антына адал перзент екенін жоққа шығармайды.

 

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ТҮЛКІБАСТА ЗАҢСЫЗ ЖҮРГЕН ШЕТЕЛДІКТЕР ҰСТАЛДЫ

Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында, олар жұмыс істейтін немесе тұратын бірқатар құрылыс, басқа да нысандарға тексеру жүргізіп, рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде Түлкібас ауданында көрші мемлекеттен келіп, заңсыз жүрген 44 шетелдік азаматты анықтады.Оның ішінде Өзбекстанның 36 азаматы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы "Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, екі тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 5-бөлігін бұзған 8 шетелдік азамат әкімшілік тәртіппен елден аластатылды.

Естеріңізге сала кетейік, мұндай іс-шаралардың мақсаты көші-қон заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу және қоғамдық құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігінің жай-күйін бақылауды күшейту болып табылады.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту көзделгенін ескертеді. Егер сізде, көші-қон саласындағы осындай бұзушылықтарға байланысты қандай да бір ақпарат болса, дереу 102 телефоны бойынша полицияға хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Сарыағаштық тәртіп сақшылары ақша ұрлаған ұрыны тапты

Сарығаш аудандық полиция бөліміне ер адам арызданған. Оның айтуынша, 16:00 шамасында тұрғын үйіне белгісіз біреу кіріп, жиhаз тартпасында тұрған Өзбекстан Республикасының 1 500 000 сом купюрасын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды. 

Ақпарат алған бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алады. Нәтижесінде күдікті ретінде бұрын сотты болған жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай күдікті ер адам үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ұрлыққа түскен. Күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін үйлеріңізге, дүкендерге, ғимараттарға бейнебақылау камераларын орнатуға кеңе береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысының куәсі болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Телефонын тартып алған

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша түнгі сағат 00:10 шамасында саябақта өзінің танысы ұрып-соғып, ұялы телефонын тартып алған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 120 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 191-бабы «Тонау» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті жергілікті тұрғын 1 тәулік ішінде ұсталды. Оны  тәртіп сақшылары полиция бөліміне жеткізді.  Анықталғандай, екі жігіт қаладағы саябақтардың ішінде ішімдік ішкен. Содан соң күдікті жәбірленушіден ұялы телефонын сұрап, біреуге хабарласатынын айтқан. Сол сәтте екеуі сөзге келіп қалып, күдікті жәбірленушіні соққыға жыққан. Содан «Самсунг 50» маркалы ұялы телефонын ашық түрде тартып алып, жәбірленушіге дене жарақатын салған. Жас жігіттен айғақты зат ретінде ұялы телефон алынып, заңды иесіне қайтарылды.  Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға өз бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның «102» телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың «ізін суытпай ашуға» толық мүмкіндік береді

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Осы RSS каналға жазылу